Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


(немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет27/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   172
Байланысты:
index

Өндіруші – бұқа шәуетін кедендік одақтың аумағында және

(немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында орнын ауыстыруға жасанды ұрықтандыру кәсіпорынан алынған шәует, дені сау өндіруші-бұқалардан алынады. Шәует, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтарда орналасқан кәсіпорынан алынады, соның ішінде:

  • аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта сонғы 12 ай бойы;

  • контагиозды плевропневмония, блутанг, ІҚМ обасы, аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • инфекциондық ринотрахеит, вирустық диарея, трихомоноз, кампилобактериоз, лейкоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы; - бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай;

  • лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай;

  • сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20күн

ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды.
Өндіруші-бұқалар шәует алынғанша дейін, 6 ай бойы жасанды ұрықтандыру кәсіпорындарында ұсталады, сол аралықта оларды табиғи ұрықтандыру мақсатымен қолдануға тиым салынады, және оларды ұсақ ірі қара малдармен бірге ұстауға болмайды.
Өндіруші бұқалардан шәуетті алар алдында, 30 күн бұрын, туберкулезге, паратуберкулезді энтеритке, бруцеллезге, лептоспирозға, лейкозға, блутангке, вирусты диареяға, инфекциондық ринотрахеитке, трихомонозға, кампилобактериозға, хламидиозға, және импортердің талабы бойынша басқада инфекциялық ауруларға зерттейді. Шәуеттің құрамында патогенді және токсикогенді микроорганизмдер болмауы керек және ХЭБ Кодексі ұсыныстарына сәйкес таңдалады, тасымалданады, сақталады.

Эмбриондарды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) дені сау асыл тұқымды жануарлардан алынған эмбриондар жатады. Өндіруші-бұқалар жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау жасанды ұрықтандыру кәсіпорында, ал донор-сиырлар пунктерде, тасымалдаушы фермаларда, орталықтарда ұсталады. Донор-сиырлар соңғы 12 ай бойы сырттан әкелінген басқа жануарлармен қатынаста болмауы керек және соңғы 60 күн шаруашылықта болу керек.
Эмбриондар жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау әкімшілік аумағынан немесе елден шығу керек, соның ішінде келесі аурулардан:
-блутанг-соңғы 24 ай бойы;

  • везикулярлы стоматит, контагиозды плевропневмония, ірі қарамалдың обасы, соңғы 24 ай бойы;

-аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта сонғы 12 ай бойы;
Ірі қара малдан алынған эмбриондарды қабалдайтын шаруашылық жұқпалы ауруларынан сау болу керек, соның ішінде:

  • инфекциондық ринотрахеит, вирустық диарея, трихомоноз, кампилобактериоз, хламидиоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық таумағында соңғы 6 ай бойы;

-лейкоз- соңғы 12 ай бойы; - лептоспироз - соңғы 3 ай бойы; - сібір жарасы –соңғы 20 күн бойы.
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды.
Эмбриондарды алу үшін донор-сиырлар және ұрықтандыруға арналған өндіруші-бұқалар күнделікті клиникалық зерттеуден өтеді және туберкулезге, паратуберкулезді энтеритке, бруцеллезге, лептоспирозға, лейкозға, блутангке, вирусты диареяға, инфекциондық ринотрахеитке, трихомонозға, кампилобактериозға, хламидиозға, және импортердің талабы бойынша басқада инфекциялық ауруларға зерттелінеді. Эмбриондарды алғаннан кейін донор-сиырлар мен бұқалар 30 күн бойы ветеринариялық мамандардың бақылауында болады. Егер осы аталған мерзімде жоғарыда аталған індет аурулар байқалса, онда тасымалдауға эмбриондар жіберілмейді. Шәует патогенді және токстикогенді микроорганизмдерден бос болуы керек және ХЭБ Кодексі ұсыныстарына сәйкес таңдалады, тасымалданады, сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет