ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫНҒАЙ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
Ветеринария саласын бақылауға жататын тауарларға көрсетілген біріңғай ветеринарлық-санитариялық талаптар
Біріңғай талаптар
Мал дәрігерлік бақылауға жататын, біріңғай тауарлар тізіміне қосылған тауарларға деген талаптарды реттейді:
-
|
-
Кеден одағының мүшелерімен мемлекеттердің арасындағы
тасымалдау
|
|
Біріңғай ветеринарлық талаптар Халықаралықіндетке эпизоотиялық бюросының (ХЭБ) ұсынысымен келісілген
Асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында орнын ауыстыруға бруцеллезге, аусылға, лептоспирозға қарсы вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малға рұқсат беріледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары;
ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес атанған ауру бойынша аз мөлшерде аймаққа бөліп немесе қауіптілікті бақылауға ала отырып осы ел аумағында немесе әкімшілік аумақта;
аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
контагиозды плевропневмония, везикулярлы стоматит, блутанг, ІҚМ обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
індетті іріңді дерматит - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 жыл бойы;
лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
лейкоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды. Карантин кезінде жануарлар клиникалық қараудан өтеді, күнделікті дене температурасы өлшенеді, бруцеллез, туберкулез, паратуберкулез, лейкоз, трихомоноз, кампилобактериоз, хламидиоз, лептоспироз және импортердің талабы бойынша басқа індетті ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізеді.
Асыл тұқымды жануарға қатысты қосымша инфекциялық ринотрахеит және ірі қара малдың вирусты диареясына зерттейді (егер жануарлар алдын ала вакцинацияланбаса).
Достарыңызбен бөлісу: |