Бақылауға алынған тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) Инспектор бақылауға алынған тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: қайта өңдеуге түсетін шикізаттың ветеринарлық ілеспе құжаттарының болуын; шығарылатын бақылауға алынған тауарлардың бақылау объектінің жобалық параметрлеріне қатысты көлемі мен ассортиментін; ветеринарлық мақсаттағы объектілердің, технологиялық және тоңазытқыш жабдығының, өндірістік және қойма ғимараттарының, тоңазытқыш және мұздатқыш камераларының, мүліктің, сондай ақ бақылау объектісінің ветеринарлық-санитарлық жағдайын; өндірістік ғимаратқа, технологиялық жабдыққа, мүлікке, ыдыстарға дезинфекция, дәрілеу, дератизация жүргізудің ұйымдастырылуын; қайта өңдеуге келіп түсетін шикізат пен шығарылатын бақылауға алынған тауарларға мемлекеттік және өндірістік лабораториялық бақылауды жүргізу тәртібін; егер болса, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінің жұмыс жасауын (НАССР, ISO, CMP)
Бақылауға алынған тауарларды сақтауды жүзеге асыратын бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау)
Инспектор бақылауға алынған тауарларды сақтаудыжүзеге асыратын бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: бақылауға алынған тауарларды, соның ішінде шикізатты сақтау және тасымалдау жағдайлары мен ережелерінің сақталуын; бақылау объектісінің бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталуын; бақылауға алынған тауарларды сақтау үшін бөлек тоңазытқыш және мұздатқыш камераларының болуын; азық-түлік шикізатын, дайын өнімді, азықтүлік емес өнімді, ыдыстарды сақтауды ұйымдастыруды; дезинфекция барьерлерінің болуын және жағдайын; тоңазытқыш бөлмелер мен көліктерге дезинфекция, дәрілеу, дератизация жүргізудің ұйымдастырылуын; бақылауға алынған тауарларды уақытша сақтау және тиеу кезіндегі температуралық-ылғалды режимдер; бақылауға алынған тауарларды тиеу (түсіру) және тасымалдау барысында ветеринарлық ілеспе құжаттардың рәсімделуін.
Бақылау объектілерінде бақылауға алынған тауарлардың сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібі Бақылауға алынған тауарлардың сынамаларын (үлгілерін) іріктеу қажеттілігі туралы шешім бақылау объектін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлармен қабылданады. Бақылауға алынған тауарлардың сынамаларына (үлгілеріне) лабораториялық зерттеу жүргізу аккредитациялаудың ұлттық жүйелерінде аккредиттелген және кедендік одақтың сертификаттау және сынау лабораториялары (орталықтары) бойынша органдардың Бірыңғай тізіліміне енгізілген Тараптардың тиісті лабораторияларында 2009 жылғы 11 желтоқсандағы кедендік одақтың кедендік аумағында міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімді айналымға түсіру туралы Келісімге сәйкес жүргізіледі.
Бақылауға алынған тауарлардың сынамаларын іріктеу сынамаларды іріктеу және тасымалдаудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету бойынша сәйкесті білімі мен дағдылары бар инспекторлармен жүргізіледі.
Сынамаларды іріктеу акті үш данада бланкіде рәсімделеді (біріншісі – тексерілетін бақылау объектісінің иесіне, екіншісі – тексеру жүргізуге қатысқан Тараптың әкімшілік аумағының инспекторына, үшіншісі – бақылауға алынған тауарлардың сынамасын (үлгісін) зерттеуді және сақтауды жүзеге асыратын аккредитивті лаборатория).
Бақылауға алынған тауардың сипаттамасының өзгеруін туындатқан бақылауға алынған тауардың сынамасын сақтау және тасымалдау жағдайларының сәйкес еместігі лабораториямен анықталған жағдайда, лабораториялық зерттеулер жүргізілмейді, зерттеу жүргізудің мүмкін еместігі және қайтадан сынамаларды іріктеуді жүргізу қажеттілігі туралы акті жасалады.
Сынамаларды іріктеу бір бірлескен тексерудің шеңберінде екі реттен көп емес жүргізіле алады.