Өндіруші – текелердің және қошқарлардың шәуетін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында орнын ауыстыруға жасанды ұрықтандыру кәсіпорынан алынған шәует, дені сау, бруцеллезге қарсы вакцинацияланбаған жануарлардан алынады. Шәует, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтарда орналасқан кәсіпорынан алынады, соның ішінде:
-меди-висна, аденоматоз, ешкілердің энцефалит-артриті, шекаралық ауру ұсақ ірі қара малдың обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
ІҚМ обасы, блутанг- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
аусыл, Ку-қызбасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
туберкулез, паратуберкулез, қойлар шешегі, инфекциондық агалактия, бруцеллез -шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
инфекциондық мастит, кампилобактериоз, қой мен ешкілердің инфекциондық эпидидимит- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
лептоспироз, инфекциондық плевропневмония - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
-энзотикалық іш тастау (хламидиоз) - шаруашылық аумағында соңғы 24 ай бойы;
сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды.
Өндіруші-текелер мен қошқарлар шәует алынғанша дейін 6 ай бойы жасанды ұрықтандыру кәсіпорындарында ұсталады, сол аралықта оларды табиғи ұрықтандыру мақсатымен қолдануға болмайды және оларды жасанды ұрықтандыру кәсіпорындарында ІҚМ бірге ұстауға болмайды.
Өндіруші бұқалардан шәуетті алар алдында, 30 күн бұрын, туберкулезге, паратуберкулезге, бруцеллезге, лептоспирозға, блутангке, инфекциондық агалактияға, листериозге, меди-висна, аденоматозге, артрит-энцефалитке эпидидимитке, хламидиозға, және импортердің талабы бойынша басқада инфекциялық ауруларға зерттейді. Шәуеттің құрамында патогенді және токсикогенді микроорганизмдер болмауы керек және ХЭБ Кодексі ұсыныстарына сәйкес таңдалады, тасымалданады, сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |