Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Асыл тұқымды және қолданыстағы шошқаларды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет31/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   172
Байланысты:
index

Асыл тұқымды және қолданыстағы шошқаларды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды немесе қолданыстағы шошқалар жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:

  • африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • шошқаның везикулярлы ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • классикалық шошқа обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • Ауески ауруы- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • трихенеллез, туберкулез, бруцеллез, шошқалардың респираторлы-репродуктивті синдромы, шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • лептоспироз- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы; - сібір жарасы- шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.

Карантин кезінде күнделікті термометриямен жануарларды қарау жүргізіледі, және шошқалардың классикалық обасына, бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозге, шошқалардың респираторлырепродуктивті синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге, вирустық трансмиссивті гастроэнтеритке, шошқалардың везикулярлы ауруына, парвовирусты инфекцияға, атрофиялық ринитке, шошқа тұмауына және импорттаушының сұрау бойынша басқада жұқпалы ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
Өндіруші – қабан шәуетін кедендік одақтың аумағында және

(немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында орнын ауыстыруға жасанды ұрықтандыру кәсіпорынан алынған шәует, дені сау, бруцеллезге, лептоспирозға қарсы вакцинацияланбаған жануарлардан алынады. Шәует, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтарда орналасқан кәсіпорынан алынады, соның ішінде:

  • африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • аусыл - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • шошқалардың везикулярлы ауруы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • классикалық шошқа обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • Ауески ауруы- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • туберкулез, бруцеллез, шошқаның респираторлы-репродуктивті синдромы, шошқаның энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • лептоспироз- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы; - сібір жарасы- шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.

Өндіруші-қабандардан шәует алынғанша дейін 6 ай бойы жасанды ұрықтандыру кәсіпорындарында ұсталады, сол аралықта оларды табиғи ұрықтандыру мақсатымен қолдануға болмайды.
Өндіруші қабандардан шәуетті алар алдында, 30 күн бұрын, туберкулезге, бруцеллезге, лептоспирозға, классикалық шошқа обасына, шошқаның респираторлы-репродуктивті синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге, вирустық трансмиссивті гастроэнтеритке, шошқаның везикулярлы ауруына, парвовирусты инфекцияға, атрофиялық ринитке, шошқа тұмауына және импортердің талабы бойынша басқада инфекциялық ауруларға зерттейді. Шәуеттің құрамында патогенді және токсикогенді микроорганизмдер болмауы керек және ХЭБ Кодексі ұсыныстарына сәйкес таңдалады, тасымалданады, сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет