Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Уақытша спорттық шараларға қатысатын спорттық жылқыларды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет33/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   172
Байланысты:
index

Уақытша спорттық шараларға қатысатын спорттық жылқыларды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына жарыстық шараларға қатысу мақсатында, спортық жылқылар 90 күннен артық енгізілмейді. Егер белгіленген уақыт аралығында жылқыларды кедендік одақтың кедендік аумағынан шығыра алмаса, онда оларға ветеринария саласындағы кедендік одақтың нормативтік актілеріне сәйкес талаптар қолданылады.
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға инфекциондық энцефаломиелиттің барлық түрлеріне, жылқылардың африкандық обасына вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды жылқылар жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:

  • жылқылардың инфекциондық энцефаломиелиттің барлық түрі, - шаруашылық аумағында соңғы 3ай бойы бақыланды;

  • жылқылардың обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында, әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы, немесе аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында, әкімшілік аумақта соңғы 40 күн бойы ұсталды;

  • маңқа - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 жыл бойы;

  • жылқы тұмауы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 21 күн бойы;

  • жылқының инфекциондық метриті - ХЭБ Кодексінің ұсынысына

сәйкес;

  • инфекциондық анемия - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

  • вирустық артериит – ХЭБ Кодексінің ұсынысына сәйкес;

  • нутталиоз (Экви бабезия), пироплазмоз (Кабани бабезиясы) – кенелерден бос шаруашылық аумағында соңғы 30 күн бойы;

  • жылқылардың шешегі, қышыма, лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

  • эпизоотиялық лимфангоит -шаруашылық аумағында соңғы 2 ай бойы;

-ринопневмония - шаруашылық аумағында соңғы 21 күн бойы; - сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалданатын жылқылар маңқаға, шағылыстыратын ауруға, инфекциондық анемияға зерттелінеді және жануарлар жіберілуден 3 ай бұрын жылқы тұмауына қарсы инактивирленген вакцинамен вакцинацияланады.
Жан - жақты елдерден әкелінген жануарлар бөлек ұсталады, олар тек жарыс ұстінде ғана бір ұйірге қосыла алады. Спорттық шара аяқталған соң, жылқылар міндетті тұрде, еш қосымша тексерусіз және өндеусіз кедендік одақтың аумағынан шығарылады. Спорттық жылқыларды халықаралық паспортпен де тасымалдауға болады, ол ветеринарлық сертификатқа тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет