Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Түбітті аңдарды, қояндарды және иттер мен мысықтарды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет36/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   172
Байланысты:
index

Түбітті аңдарды, қояндарды және иттер мен мысықтарды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау түбітті аңдар, қояндар және иттер мен мысықтар жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:
А) жануарлардың барлық түріне:
- вирустық энцефаломиелиттің барлық тұріне, трипонасомоз (Чагас ауруы) - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
-сібір жарасы- шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы; Б) түлкілер, ақ түлкілер, ит және мысықтар:
-Ауески ауруы, туляремия, дерматофитоздар, (трихофития, микроспория) - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
-құтырық, туберкулез- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
В) құндыз және саз қүзендер (хорек) үшін:
-құндыз энцефалопатиясы, алеут ауруы –шаруашылықта соңғы 36 ай бойы;
-туляремия- шаруашылықта соңғы 12 ай бойы;
-құтырық, туберкулез- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы; Г) қояндар үшін:

  • вирусты геморрагиялық ауру, туляремия, пастереллез, листериоз – шаруашылықта соңғы 12 ай бойы;

  • миксоматоз, түйелер шешегі – шаруашылықта соңғы 6 ай бойы.

Карантин кезінде әр бас жануарды клиникалық қараудан және түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар және иттерді – токсоплазмозға; құндызды – алеут ауруына; мысықтарды – дерматофитозға диагностикалық зерттеулерден өткізеді. Егер жануарлар, сонғы 6 ай ішінде егілмесе, жіберер алдында 14 күн бұрын түлкілер, ақтүлкілер – етқоректілердің обасына; құндыздар және саскүзендері – ботулизмге, етқоректілер обасына, псевдомонозға, вирустық энтеритке; күзен – пастереллезге; иттер - құтырыққа, етқоректілердің обасы, гепатитке, вирусты энтеритке, парво – және аденовирусты инфекцияларға, лептоспирозға; мысықтар - құтырыққа және панлейкопенияға; қояндар – миксоматозға, пастеррелезге және вирустық геморрагиялық аурулар, және импорттаушының басқада ауруларға вакцинацияланады.
Жеке бас қолдануына арналған иттер мен мысықтарды екі бастан артық емес, енгізуге арнайы елдің рұқсатысыз, ветеринарлық сертификатқа теңескен халықаралық паспортпен енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет