Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Консервілерді, шұжықтарды және басқа дайын ет өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет44/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   172
Байланысты:
index

Консервілерді, шұжықтарды және басқа дайын ет өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға дені сау, жануарлардан алынған және арнайы ет өндейтін комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған, адам тағамына жарамды, ветеринарлық-санитариялық сараптаудан өткен, дайын ет өнімдері, субөнімдері және әр тұрлі жануар мен құстардан алынған майлар жатады. Кедендік одақтың аумағында тасымалдауға құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де басқа дәрі-дәрмекті заттардың қалдықтары байқалған ет өнімдері жіберілмейді.
Дайын ет өнімдері адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек. Өнімдердің орамасында, қорабында таңбасы болады (ветеринарлық мөрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек, жазулар кедендік одақтың ресми тілінде жазылу керек.
Дайын ет өнімдерінде микробиологиялық, физико- химиялық, химикотоксикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек, тасымалдауға бұтіндігі бұзылмаған жабық орамадағы дайын ет өнімдері жіберіледі.
Үй қояндар етін кедендік одақтың аумағында және (немесе)

Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағында және Тараптар арасында тасымалдауға дені сау қояндардан алынған және арнайы ет өндейтін комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған қоян еті жатады.
Жануарлар сояр алды ветеринарлық қарауға, ал ұшалар (ішкі органдары) – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек және орамада таңбасы болады (ветеринарлық мөрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Қоян еті дені сау сойыс малдан алыну керек, аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес шаруашылықтан немесе әкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:

  • миксоматоз, туляремия, пастереллез, листериоз- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • қояндардың геморрагиялық ауруы- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі өзгерістері бар қоян еті жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-санитарлық қарау кезінде, індеттік ауруларға тән өзгерістер және гельминттермен зақымдалғаны анықталса, әр түрлі заттармен уланған жағдайлар байқалса, сезімталдық көрсеткіштерінің сапасы төмен, құрамында консерванттары бар, сальмонеллалар немесе басқа бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса; бояғыш заттармен және ион мен ультра күлгін сәулелерімен өнделген; түсі өзгерген, сақтау барысында жібіген; мұздатылған сан етінің қалыңдығында температурасы– 120С жоғары болса (сақтау кезінде – 180С жоғары болу керек). Қоян етінің құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де басқа дәрі-дәрмекті заттардың қалдықтары болмау керек. Еттің микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет