Ірі және ұсақ қара малдардан алынған сүт және сүт өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Ірі және ұсақ қара малдардан алынған сүт және сүт өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағында және Тараптар арасында тасымалдауға дені сау малдан алынған ірі және ұсақ қара малдардан алынған сүт және сүт өнімдері жатады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы; - ІҚМ обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
ҰҚМ обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
контагиозды плевропневмония- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы; лейкоз- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
ІҚМ бруцеллезі, туберкулезі, паратуберкулезі – шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
ҰҚМ бруцелезі, туберкулезі- шаруашылық ауағында соңғы 6 ай бойы;
ешкі мен қой шешегі- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
Сүт өнімдерін өндіруге арналған сүт, адам денсаулығына кауіп төндіретін патогендік микроорганизмдерді жою мақсатында, міндетті түрде термикалық өндеуден өтуі тиіс. Сүт өнімдері адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек. Сүт және сүт өнімдердің микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек. Кедендік одақтың аумағында тасымалдауға органолептикалық көрсеткіштерінде өзгерістері бар және ораманың бұтіндігі бұзылмаған сүт өнімдері жіберіледі.
Жабайы жануарлардың еттерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға жабайы құстар еті және экзотикалық жануарлардан (қолбырауын, тасбақа, кенгуру, түйе құс) және басқада арнайы, жабық аумақта өсірілген ет өндейтін комбинаттардан алынған жануарлар еті жатады.
Етке жіберілетін жабайы жануарлар мен құстар келесі аурулардан сау шаруашылықтардан шығу керек: А) барлық жануарлар үшін:
құтырық- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта;
сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы; Б)ірі жұп тұяқтыларға:
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
ІҚМ, ҰҚМ плевропневмониясы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
ІҚМ обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
ҰҚМ обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
геморрагиялық септицемия – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;
блутанг- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
ІҚМ инфекциялық түйінді дерматиті – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы; - Рифт алқабы қызбасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 4 жыл бойы;
паратуберкулез- шаруашылық аумағында соңғы 3 жыл бойы;
бруцеллез, туберкулез - аң шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
лейкоз және вирусты диарея – аң шаруашылық аумағында соңғы
12 ай бойы;
В) ұсақ жұп тұяқтыларға:
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;
Рифт алқабы қызбасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 4 жыл бойы;
контагиозды плевропневмониясы, блутанг- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
КУ қызбасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
меди-висна- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
паратуберкулез, энцефалит-артрит- аң шаруашылық аумағында соңғы 36 ай бойы;
бруцеллез, туберкулез - аң шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
қой мен ешкі шешегі- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы; Г) Ұсақ күйіс қайтармайтын жұп тұяқтыларға:
африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта;
шошқалардың репродуктивті- респираторлы синдромы – аң шаруашылық аумағында немесе мекендейтін жерде соңғы 12 ай бойы;
шошқаның везикулярлы ауруы, везикулярлы стоматит – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
шошқаның классикалық обасы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
Ауески ауруы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта;
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешена ауруы)- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы; Д) тақ тұяқтыларға:
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
шағылыстыратын ауруы, инфекциондық анемия, індеттік лимфангоит- аң шаруашылық аумағында немесе мекендейтін жерде соңғы 12 ай бойы;
маңқа- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
жылқылардың инфекциондық энцефаломиелиттердің барлық типтері, инфекциондық анемия- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
шағылыстыратын ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
індеттік лимфангоит- шаруашылық аумағында сонғы 2 ай бойы; Е)үй қояндары мен жабайы қояндарға:
-миксоматоз, туляремия, пастереллез, листериоз- аң шаруашылық аумағында немесе мекендейтін жерде соңғы 6 ай бойы;
-үй қояндардың вирусты геморрагиялық ауруы-шаруашылықта сонғы 12 ай бойы;