Құс етін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға дені сау сойыс құстары жіберіледі.
Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін құстар мен ет және басқа да азықтық ет шикізаттары, сояр алды ветеринарлық қарауға жатады, ал ұшалар, ішкі мүшелері – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет және басқада еттен жасалған өнімдер адамға тағамдық қолданысқа жарамды және таңбаланған болу керек.
Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет және басқада ет шикізаты дені сау сойыс құстардан алыну керек, аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес шаруашылықтан немесе әкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
-орнитоз бойынша (пситтакозға)-тауық және күрке тауықтар шаруашылықтарында- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
құс тұмауы- ХЭБ Кодексіне сәйкес міндетті тұрде декларацияланған сонғы 6 ай бойы;
тұмаудың басқа тұрлері – шаруашылықта сонғы 3 ай бойы;
құстардың Ньюкасл ауруы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
үйрек пен қаз шаруашылықтары – Держи ауруына, ұйрек балапандарының вирусты гепатитіне, орнитоз,- шарушылықта сонғы 6 ай бойы;
ХЭБ Кодексі талабына сәйкес союға жіберілетін құстар сальмонелезден таза шаруашылықтарынан шығарылу керек.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Тараптар арасында тасымалдауға келесілер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлықсанитарлық қарау кезінде, індеттік ауруларға тән өзгерістер және гельминттермен зақымдалғаны анықталса, әр түрлі заттармен уланған жағдайлар байқалса, құстардың ұшалары жартылай немесе толық тазартылмаған; сақтау кезінде дефростацияға ұшыраған; бұзылу белгілері байқалған; мұздатылған сан етінің қалыңдығында – 120С жоғары болса, суытылған ет үшін – 180С жоғары болса; ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары болса, алынбаған абцесстер болса, бөгелектердің жұмыртқаларымен зақымдалған, лимфа түйіндері алынып тасталса, механикалық қоспалармен, етке сай емес түспен, иістенсе, дәмі болса (балықтың, дәрілік заттардың, шөптердің және т.б.); консервілеу заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса;
Құс еттерінде табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де басқа дәрі-дәрмекті заттар болмауы керек. Еттің микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.