Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Жылқы етін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет43/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   172
Байланысты:
index

Жылқы етін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағында және Тараптар арасында тасымалдауға дені сау жылқылардан алынған және арнайы ет өндейтін комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған ет жатады.
Жануарлар сояр алды ветеринарлық қарауға (бірреттік көз маллеинизация арқылы маңқаға тексеріледі, теріс нәтиже болу керек), ал ұшалар (басы және ішкі мүшелері) – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек.
Жылқы ұшаларында анық көрінетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың мөрі, онда мал сойылған ет комбинатының атауы немесе номері болуы керек. Бөлшектелген ет қорабында немесе кесектерде таңбасы болады (ветеринарлық мөрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет және басқада ет шикізаты дені сау сойыс жылқылардан алыну керек, аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес шаруашылықтан немесе әкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:

  • жылқылардың африкандық обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • инфекциондық анемия- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

  • маңқа- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • эпизоотиялық лимфангоит- шаруашылық аумағында соңғы 2 ай бойы;

  • сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.

Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Тараптар арасында тасымалдауға келесілер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлықсанитарлық қарау кезінде, індеттік ауруларға тән өзгерістер және гельминттермен зақымдалғаны анықталса, әр түрлі заттармен уланған жағдайлар байқалса, ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары болса, алынбаған абцесстер болса, бөгелектердің жұмыртқаларымен зақымдалса, лимфа түйіндері алынып тасталса, механикалық қоспалармен, етке сай емес түспен боялса, бөгде иіс пен дәмі болса (балықтың, дәрілік заттардың, шөптердің және т.б.); мұздатылған сан етінің қалыңдығында температурасы – 80С жоғары болса, суытылған ет үшін – 40С жоғары болса; сальмонеллалар немесе басқа бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса; бояғыш заттармен және ион мен ультра күлгін сәулелерімен өнделген. Жылқы еттерінде табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де басқа дәрі-дәрмекті заттар болмауы керек. Еттің микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет