Солтүстік бұғыларды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға бруцеллезге вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау солтүстік бұғылар жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;
аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
контагиозды плевропневмония, везикулярлы стоматит - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
ІҚМ обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
ҰҚМ обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 жыл бойы;
лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
лейкоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды. Карантин кезінде жануарлар клиникалық қараудан өтеді, күнделікті дене температурасы өлшенеді, бруцеллезге, некробактериозге, туберкулезге және импортердің талабы бойынша басқа індетті ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
Түйелер және түйелер тұқымдарының басқа түрлерін (таутайлақ (ламы), альпаки, викуньи) кедендік одақтың аумағында және
(немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау түйелер және түйелер тұқымдарының басқа түрлері жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
(зооантропонозды оба), нодулярлы дерматит - ел аумағында соңғы 36 ай бойы;
ІҚМ обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
түйелердің шешегі – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
блутанг- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы; - маңқа- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы;
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды.
Карантин кезінде жануарларды клиникалық қарайды, күнделікті дене температурасын өлшеп, блутанг, маңқа, су-ауру, туберкулезге, бруцеллезге, паратуберкулезге, контагиозды плевропневмонияға, жылқылардың африкандық обасына диагностикалық зерттеулер өткізіледі.