Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Тағамдық жұмыртқаны кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет48/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   172
Байланысты:
index

Тағамдық жұмыртқаны кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға тағамдық жұмыртқа дені сау құстардан алынған және жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтан шығуы керек. Соның ішінде:
-тұмау ХЭБ Кодексіне сәйкес міндетті тұрде декларациялауға жатады –сонғы 6 ай бойы;
-тұмаудың басқа вирустары-шаруашылықта сонғы 3 ай бойы;
-құстың Ньюкасл ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
-орнитоз (пситтакоз), парамиксовирусты инфекциялар, тауқтардың инфекциялық бронхиті, Гамборо ауруы, инфекциондық ларинготрахеиті, инфекциондық энцефаломиелиті- шаруашылық аумағында сонғы 6 ай бойы;
Тағамдық жұмыртқа адам тағамына жарамды, сатылымда шексіз сатылу керек. Тағамдық жұмыртқаның микробиологиялық, химикотоксикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Былғары тері, мүйіз, тұяқ, ішек, бағалы аң терілері, түбіт, қауырсын-мамық, жұн, қыл, ешкі түбіті, шаш жануартекті шикізаттарын кедендік одақтың аумағында және (немесе)

Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға былғары тері, мүйіз, тұяқ, ішек, бағалы аң терілері, түбіт, қауырсынмамық, жұн, қыл, ешкі түбіті, шаш жануартекті шикізаттарын дені сау жануарлардан, құстардан алынған және жұқпалы аурулардан саушаруашылықтан шығуы керек. Соның ішінде:

  • ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;

  • африкандық шошқа обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

-ІҚМ инфекциялық түйінді дерматиті – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
-қой мен ешкі шешегі - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
-аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы;

-құс тұмауы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 ай бойы;
-құстың Ньюкасл ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
-орнитоз (пситтакоз)- шаруашылық аумағында сонғы 6 ай;
Былғары тері шикі заты сібір жарасына тексеріледі, таңбаланады. Шикі заттарды консервілеу әдістері халықаралық талаптарға сәйкес және ветеринарлық-санитариялық қаупсіздікті қамтамассыз ету керек. Жүн, ешкі түбіті, қыл, шаш, қауырсын- мамық тасымалдауға жіберер алдында ыстық сумен жуылады және дезинфекцияланады, егер жуылмаған шикі зат тасымалданса, онда жеткізілген жақта өндеуге жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет