Балық, теңіз сүтқоректілер, шаян тектілер, омыртқасыздардан жасалған азықтық ұнды кедендік одақтың аумағында және
(немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға ауылшаруашылық жануарлар мен құстар, аңдарды азықтандыруға арналған балық, теңіз сүтқоректілер, шаян тектілер, омыртқасыздардан жасалған азықтық ұн жатады, олар жұқпалы аурулардан сау кәсіпорындарында өнделу керек, +800С жоғары емес 30 минут термиялық өндеуге жатады.
Балық ұны келесі ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болу керек:
Жалпы бактериялық себеленуі - 500мың.м.к.в.г көп емес
Патогендік микрофлора - жіберілмейді
Соның ішінде сальмонелла - жіберілмейді
Энтеропатогендік эшерихий - жіберілмейді
Ботуло-токсин - жіберілмейді
Тотығы - иод бойынша 0,1% көп емес
Алдрин - жіберілмейді
ГЦХГ (изомерлер соммасы) -0,2мг/кг көп емес
ДДТ(метаболиттер соммасы) -0,4мг/кг көп емес
Гептохлор - жіберілмейді
Қорғасын -5,0мг/кг көп емес
Кадмий -0,3мг/кг көп емес
Ртуть -0,5мг/кг көп емес
Мышьяк -2,0мг/кг көп емес
Цезий радионуклидттер 134,137 -1,62*10(8)кюри/кг (600 беккери)
Жануартекті азық пен азықтық қоспаларды (соның ішінде балық пен құстардан жасалынған) кедендік одақтың
аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға жануартекті шикі заттарынан жасалған азық пен қоспалар (соның ішінде балық пен құстардан жасалынған) жатады, олар келесі жұқпалы аурулардан сау кәсіпорындарында өнделген болу керек:
ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;
африкандық шошқа обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
ІҚМ обасы, жылқы обасы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
-қой мен ешкі шешегі - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
-құс тұмауы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 ай бойы;
сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы;
-құстың Ньюкасл ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
-классикалық шошқа обасы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы(онда соңғы 3 ай ұсталған);
жылқы тұмауы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 21 күн бойы;
тұмаудың басқа вирустары - шаруашылық аумағында сонғы 3 ай бойы;
ХЭБ Кодексінің талаптарына сәйкес, азықтарды дайындау үшін ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи ауруларынан сау емес елдерден шыққан сиыр, жылқы, қой еті субөнімдер және де басқа еттен жасалған ет ұны мен шикі заттары қолданбайды. Азықты дайындауға арналған шикізаттар сойылған малдан алынады, міндетті тұрде сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өту керек. Азық пен азықтық қоспалардың құрамында сальмонеллалар, ботуло-токсин, энтеропатогендік және анаэробтық микрофлора болмайы керек. Жалпы бактериалдық себеленуі 1г 500мың.м.к аспауы тиіс.
Алынған шикі заттар 20 минуттай 3 бар (42,824 фунт см2) қысымда, 1330С(271,4градус Фаренгейт) температурасында термоөндеуден өту керек, немесе бекітілген микробиологиялық стандарттардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес басқа да альтернативтік термоөндеу жүйесінен өтуі қажет.