Экспортқа жіберілетін ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау. Ет, сүт, жұмыртқа, бал және т.б жануартекті тағамдық өнімдерді экспортқа жіберерде аурудан сау жануарлардан алынуы, аусыл және басқа да жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтан шығуы тиіс.
Ет және басқа да жануартекті өнімдерді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және өадағалау расталған және ветеринарлық – санитарлық талаптарға сай ет, тағам комбинаттары, сүт зауыттары жібере алады. Бұлардың тізімдерін ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің, қала, облыстағы бөлімшелерінің рұқсатымен ғана беріледі.
Қазақстан Республикасы аумағына енгізуге келесі ет, ет қнімдері жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-санитарлық қарау кезінде, ауысылға, обаға, анаэробты инфекцияға, туберкулезге, лейкозға және басқада ауруларға тән өзгерістер және гельминттермен зақымдалғаны анықталса (цистицеркоз, трихинеллез, саркоспоридиоз, онхоцеркоз, эхинококкоз және т.б.), және де әр түрлі заттармен уланған кезде; сақтау кезінде дефростацияға үшыраған; бұзылу белгілері байқалған; мұздатылған санның бұлшық етінің қалыңдығында – 80С жоғары болса, суытылған ет үшін – 40С жоғары болса; ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары, алынбаған абцесстер болса, бөгелектердің жұмыртқаларымен, лимфа түйіндері алынып тасталса, механикалық қоспалар, етке сай емес түспен, иістенсе, дәмі болса (балықтың, дәрілік заттардың, шөптердің және т.б.); консервілеу заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа да бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса; бояушы заттармен өңделсе.
Еттің микробиологиялық, физико-химиялық, химико-
токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Сүт өнімдерін өндіруге арналған сүт, адам денсаулығына кауіп төндіретін патогендік микроорганизмдерді жою мақсатында, міндетті түрде термикалық өндеуден өтуі тиіс. Сүт өнімдері адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек. Сүт және сүт өнімдердің микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек. Кедендік одақтың аумағында тасымалдауға органолептикалық көрсеткіштерінде өзгерістері бар және ораманың бұтіндігі бұзылмаған сүт өнімдері жіберіледі.
Ара балы немесе одан жасалған өнімдер жіберілмейді: ораманың бұтіндігі бұзылған, органолептикалық, физико-химиялық өзгерістері бар; құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар бар. Табиғи бал мен ара өнімдерінде келесі дәрілік заттардың қалдықтары болмауы керек: хлорамфеникол, хлорфармазин, колхицин, дапсон, диметридазол, нитрофурандар, ронидазол және кумафос -100мкг/кг және амитраз 200мкг/кг аспауы керек. Және де бал өнімдерінде ара шаруашылығында емдеуге арналған басқада препараттардың қалдықтары болмауы тиіс, өндіруші міндетті түрде ара шаруашылығын ұңдемелеуге арналған пестицидттердің барлық түрлерін көрсетуі тиіс.
Бал өнімдерінің химико-токсикологиялық (ауыр металдар мен пестицидттер) және радиологиялық көрсеткіштері кедендік аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Экспортқа су қоймаларынан алынған тағамға жарамды балық, шаян және бақалар жіберіледі. Импорттаушы елде тіркелмеген жұқпалы балық ауруларынан, жылықанды шаян, соның ішінде торсылдақтың қабынуы, тұқы геморрагиялық септицемиясы (краснуха – қызылша), дискокотилез, фурункулез, вирустық инфекциялық септицемия, форельдің (нұрлы балық) инфекциялық анемиясы, қызыл балықтың қарын асты безінің инфекциялық некрозынан, ихтиофтириоз, бронхиомикоз т.б. жұқпалы аурулардан соңғы 12 айда таза болған су қоймаларынан алады.
Балық, балық өнімдері, шаян және басқалары патогенді микробтардан, токсиндерден, пестицидтерден, ауыр металдардан, антибиотиктерден, ақуызды ыдырататын өнімдерден май және т.б. зиянды қоспалардан таза болу керек.
Тірі және мұздатылған шаяндардың терең қабатындағы температурасын – 18 +– 1°С жағдайында тексеріп, корзина немесе жәшікте тасымалдайды. Тағамдық мақсатта көлдің бақалары да алынады. Бақаларды арту тек көктемде шөп көктеп шыққаннан 10 күннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бақаларды 4-7°С температурада қорап немесе корзиналарда тасымалдайды. Аулап алудан тасымалдауға дейінгі уақыт 7 тәуліктен аспауы керек. Бақаның мұздатылған бөліктерін тасымалдауда терең қабаты температурасы –15°С аспау тиіс.