Жануартекті өнімдерді импорттау кезіндегі ветеринарлықсанитарлық талаптар. ҚР-на үнемі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың тексерісінде болған ет комбинаттарында сойылған, аурулардан сау жануарлар мен құстардан алынған ет және ет өнімдерін, құс және құс өнімдерін енгізуге болады. Ет комбинаттары айналасында радиусы 30км аумақта аусылдан соңғы 3 айда сау болу керек.
Жануарлар (құстар), ет өнімдері ҚР-на әкелінгенде, сояр алдындағы ветеринарлық тексерістен өту керек, ет өнімдері экспорттаушы елдің ветеринарлық басқармасының қатысуымен сойғаннан кейінгі ветеринарлық санитариялық сарапталуы керек.
Ірі қара мен ұсақ қара малдар ұшаларын жіберуші елде финноз және шошқа трихинеллезіне тексереді. Етте экспорттаушы елдің ветеринарлық қадағалауының белгісінде ет комбинатының аты және нөмері көрсетіледі. Құс ұшасының қаптамасында немесе ұшаның қорабында мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың белгісі болу керек.
Жабайы құста ешқандай аурулардың белгісі байқалмауы тиіс, жабайы қабандардың етін финноз және трихинеллезге зерттемейді.
ҚР келесі ет өнімдерін енгізуге болмайды: аусылдан сау емес елдерден, шошқаның африкалық обасы, ірі қара обасы, шошқаның классикалық обасы, аусылға тән өзгерістер байқалса, гельминттермен (финноз, трихинеллез) зақымданса, экспорттаушы елден басқа елден әкелінсе, консервілеуші заттар болса, ҚР тыйым салынған немесе бөгде заттармен өңделсе, сояр алдында жануарға экстрогенді, тиреостатикалық, тыныштандырғыш заттар, антибиотиктер берілсе, серозды қабығы тазаланып, лимфа түйіндері болмаса, соғылған, органолептикалық өзгерістер байқалса.
ҚР тағамдық мақсатта импорттауға жұмыртқаны 2 ай бойы оба, құс пастереллезі және т.б. құстың жұқпалы ауруларынан сау шаруашылықтарынан алынады.
Сүт өнімдерін туберкулез, бруцеллез, аусыл, сібір жарасынан сау шаруашылықтардан алады және сүт өнімдерінде эстроген, антибиотик және т.б. қосымша зерттеулер болмау керек.
Жануарлартекті шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау. ҚР енгізуде тері (ІҚМ, ҰҚМ, жылқы, түйе, шошқа) және тері шикізаттары тығыз құрғатылған, құрғақтай тұздатылған, ылғалды тұздатылып, бума және тығыз немесе жұмсақ қалыпқа оранған түрде, ал суда тұздалған тері шикізаты терімен қапталған бөшке, қорап немесе қалыпта тасымалданады.
Суырдың терісін шекарада хлорпикринмен ҚР нұсқамасы бойынша дезинфекциялайды.
Жүн, қыл, жылқының шашы ветеринарлық сертификатта шикізаттың сібір жарасы, аусыл, шешек, туляремия және т.б. жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардан алынғаны көрсетілсе, сібір жарасына бактериологиялық зерттеулер жүргізілмейді.
Құрғақ ішек қарындар (ветеринарлық сертификат болса) оралған түрде, тұздалған қышқылдары ағып кетуіне жол бермейтін бөшке және қораптарда енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |