Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орны ауыстырылатын(тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсатты ресімдеу және беру тәртібі Жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы транзиттеу әкелу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасының өткізу пункті арқылы өту жоспарланған Кеден одағына мүше мемлекет берген транзиттеуге рұқсат арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудағы тауарлардың басқа түрлерін транзиттеу уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
Үшінші мемлекеттер арқылы (Кеден одағына мүше мемлекеттердің шегінен тыс) транзиттеуге рұқсат алуды бақылаудағы тауар иесі уақытынан бұрын жүзеге асырады. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсатты ресімдеу уәкілетті органның ведомствосына импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналар көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы жазбаша өтінімінің негізінде: 1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауы, мекенжайы және өндіріс объектісінің ведомство берген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және есептік нөмірі; 2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы; 3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігі; 4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы ел және шыққан елі; 5) көлік түрі; 6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу мен әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі; 7) тиісті әкімшілік-аумақ бірлігінің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен не оның орынбасарымен келісілген, олардың аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын, жануарлардың жүру маршрутты, аялдамалары, ауыстырып тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) жағдайлары көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне рұқсаттар тізілімі үлгісі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына
20 ____ ж. "___" №______ өтінім _____________ АӨК МИК аймақтық инспекциясының ветеринариялық (облыс, қала) бөлімі экспорт/импортқа рұқсат беруді сұрайды
1
Жүк қабылдаушы (атауы, мекен-жайы, мемлекет)
2
Жүк жөнелтуші (атауы, мекен-жайы, мемлекет)
3
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы
4
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі
5
Өндіруші кәсіпорын (балық және балық өнімдерінің, теңіз өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің экспорты, импорты атауы, Еврокоды)
6
Көлік түрі (авто, т.ж, әуе, су, пошта)
7
Жүріс маршруты (кедендік одаққа мүше мемлекеттердің және транзиттік мемлекеттердің Мемлекеттік шекарасының өткізу пункттері мемлекеттердің атауын көрсетіп)
8
Мақсаты мен арналуы (өткізу, өңдеу, қайта өңдеу, жеке қолдану)
9
Сақтау қоймаларының мекен-жайы, көлемі және жету пунктіндегі иесінің атауы
10
Күні және транзитке рұқсат № (бар болса)
11
Күні және СИТЕС-тің рұқсат №(орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)объекті СИТЕС ықпалына түсетін болса)
12
Белгілі бір орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге импорттаушы ел талаптарының толық көлемде орындалуына кепілдік беретін ветеринариялық сертификаттың болуы