Кедендік Одақтың кедендік шекарасында және Кедендік Одақтың кедендік аумағында жануарлар және жануартекті шикізаттарын өткізу (транзиттеу) тек транзитке рұқсат берілгенде ғана іске асырылады. (рұқсатты қай шекарадан жүк өтеді, сол бекет береді). Рұқсатта маршрут бағыты көрсетіледі. Ал басқа бақылаудағы транзитті тауарлар екі жақтын кұзыретті органдарының рұқсатысыз жүзеге асырылады.
Бақылауға алынған тауарларды одақтың ішінде Бір Жақтың аумағынан Екінші Жақтың аумағына транзиттеу (тасмалдау) барысында бақылаудағы тауардың Жақтардың құзыретті органымен және Екі Жақтың құзыретті мүшелері – экспорттаушылармен берілген (ветеринарлық және дәрілік препараттардан, азық және азық қоспаларынан басқа өнімдерге) ветеринарлық сертификаты болу керек. Жүк сау аймақтардан шыққан болу керек;
Тауарларды өткізу бекеттерінде, бақылауға алынған жүктер, ветеринарлық бақылаудан өтеді, егер тауар-тасымалдау жолдамалық құжаттары мен ветеринарлық сертификат көрсетілсе.
Барлық жүк түрлері індет ауруларынан сау бекеттерден (елдерден) шығарылуы тиіс.
|
Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор жолдамалық-ветеринарлық құжатарымен танысады
Транзиттегі бақылау тауарларын қарау (жануарлардан басқа) тек мемлекеттік органдардың бақылау бекеттерінің үкімімен орындалады, немесе бақылаудағы тауарларда сәйкессіздік тіркелсе.
Жануарларды ветеринарлық қарау: жануарлардың сәйкес номері тексеріледі (чиптар, құлағындағы биркалар, таңбалар және т.б), ветеринарлық сертификатта көрсетілген номерлермен салыстырылады және де тасымалдау шарттары, жануарлардың күй-жайлары тексеріледі. Тасымалдаудың шарттары сақталғанда және жолдамалық-ветеринарлық құжаттарда көрсетілген барлық талаптары орындалғанда, «Транзит разрешен» деген мөр басылады және №03-22 журналына тіркеледі.
|
Ветеринарлық құжатқа «Транзит разрешен» мөрін басып оны өз мөр-таңбасымен
растайды және ветеринарлық инспектор қол қояды.
|