БАҒАЛАУДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОРНЫ АУЫСТЫРЫЛАТЫН (ТАСЫМАЛДАНАТЫН) ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЭКСПОРТЫНА, ИМПОРТЫНА ЖӘНЕ ТРАНЗИТІНЕ РҰҚСАТ БЕРУ Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 132 қаулысымен бекітілген. және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында
Ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарға сәйкес әзірленген және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.
Бұл тәртіптің қолданысы Қазақстан Республикасына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын транзитін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға таралады. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсатты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары: 1) тиісті аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалауды, оның ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру (сақтау) орнын; 2) кәсіпорынның немесе тұлғаның Кеден одағының аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімі) болуын; 3) Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) талаптарды ескере отырып береді.
Рұқсат орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат ресімдеу үшін негіз болып табылады және рұқсаттар тізілімінде тіркеуге жатады.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына өтініш, сұрауларды және рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді түрде бас тарту мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен артық емес. Уәкілетті органның ведомствосының сұрауды қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес, транзиттік тасуды (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (күнтізбелік 60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, мерзімдер бекітілген
Жоғарыда белгіленген мерзімде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат бермеген немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, рұқсат берілген деп саналады және уәкілетті органның ведомствосы 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.
Импортқа рұқсаттың жарамдылық мерзімі әкелуге берілген рұқсатта айқындалған көлемде күнтізбелік жылды құрайды. Экспортқа және транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.