Қазақстан Республикасының аумағына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты мен импортына рұқсатты ресімдеу және беру тәртібі Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстыру болжалды басталғанға дейін, экспорт кезінде объектілердің шыққан (орналасу) жері бойынша, импорт кезінде - әкелу орны уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне мыналарды көрсете отырып жазбаша өтініш (еркін нысанда) (бұдан әрі - өтініш) береді:
заңды тұлғалар үшін атауы, мекен-жайы және ведомство берген өндіріс объектісінің есептік нөмірі (код), жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және есептік нөмір (код);
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, оның өлшем бірлігі;
экспорттаушы ел (импорттаушы ел) және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жері;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде қолдануға болжанатын көлік түрі;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды жүзеге асыру болжанатын елдердің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутты;
импорттың, экспорттың мақсаттары (жануарлар үшін - өсіру және бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін - өткізуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшін - ол арналған жануарлар түрі);
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, сатуды) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін, Қазақстан Республикасы аумағындағы
белгіленген пункті;
Жоғалу қаупі бар жабайы жануар және өсімдік түрлерінің халықаралық саудасы туралы 1973 жылғы 3 наурыздағы Конвенция (бұдан әрі - СИТЕС) ықпалына түсетін жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары болатын немесе бола алатын туындыларын енгізуде жануарлардың импортына, олардың бөліктері және (немесе) туындылары;
ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елі мен тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) және азықтық қоспаларды, ветеринариялық препараттарды көрсете отырып, өндіруші ұйым. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:1) экспорттаушы елдің ресми органы берген, малдың әрбір басына арналған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат көшірмесі (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде); 2) ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісі.
Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға немесе импорттауға жазбаша өтінімді алуы бойынша импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау мүмкіндігін қарайды және: 1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдарын тіркеу журналында өтінішті тіркеуді жүзеге асырады; 2) ақпараттың болмау фактісі анықталған жағдайда ресімдеу рәсімі жетіспейтін мәліметтер алынған сәтке дейін тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің өтінішті қарау мен уәкілетті органның ведомствосына өтінім жолдау немесе дәлелді түрде бас тарту мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Өтінішті қарағаннан кейін және ветеринариялық-санитариялық қорытынды нәтижелерінің негізінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге өтінім жолдайды; 2) бас тарту себептерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден дәлелді бас тарту шығарылады. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 1) импорттаушы ел жануарларының жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жеке елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу; 2) импорттаушы елдің ветеринариялықсанитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;3) ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығы; 2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы; 3) ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның жоқ болуы. Уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау (импорттау) туралы өтінімді орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің тіркеу журналына түскен күні тіркейді, өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторына немесе оның орынбасарына шешім қабылдау үшін енгізеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторы немесе оның орынбасары ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін келесі шешімдердің бірін шығарады: 1) ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның бар болуы шартымен орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсатты (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемін және жүру маршрутын, сондай-ақ, орны ауыстырылатын (тасымалданатын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және ведомство берген өндірістік объектінің есептік нөмірін, жеке тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты мекен-жайын көрсете отырып, телетайпограмма түрінде) береді;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнтізбелік күнге дейін) талап ететін рұқсаттарды қоспағанда өтінімдердің қарастырылу және орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің импортқа, экспортқа рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуға тиісті өтінімдердің түскен күннен бастап мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.
Уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беру бойынша немесе оны беруден дәлелді бас тарту жөнінде шешім қабылдағаны туралы сұратуды жіберген ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабар береді, ал белгіленген нысан бойынша тізілімнен көшірмені ветеринариялық сертификаттағы импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірімен салыстырып тексеру үшін ветеринариялық бақылау бекетіне дейін жеткізеді.
Ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдануын тіркеу журналында оның түскен күні импорттауға және экспорттауға рұқсат нөмірін тіркейді және оны ветеринариялық сертификатқа күнін көрсете отырып жазады. Импорттауға, экспорттауға берілген рұқсаттар Кеден одағының сыртқы шекарасына электрондық түрде жолданады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторы немесе оның орынбасары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға рұқсатты қолдану мерзімінің ішінде мынадай жағдайда кері қайтарады: 1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттаушының, экспорттаушының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (соның ішінде қолдан жасалған ветеринариялық сертификаттарды ұсыну, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуін анықтау) фактілерінің анықталуы; 2) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі.