Мемлекеттік ветеринарлықсанитарлық инспекторлардың
іс-әрекеті
Қолданылған шаралар
Кедендік одақтың кедендік шекарасында және кедендік одақтың кедендік аумағында жануарлар және жануартекті шикізаттарын енгізу тек енгізуге рұқсат берілгенде ғана іске асырылады. (рұқсатты қай елге жүк өнгізіледі, сол бекет береді). Бұл рұқсаттың жарамдылық мерзімі белгілі бір уақыт аралығындағы күнтізбелік жылды құрайды.
Бақылауға алынған тауарларды Кедендік Одақтың ішінде Бір Жақтың аумағынан Екінші Жақтың аумағына енгізу барысында бақылаудағы тауардың Жақтардың өкілетті мүшелерімен және Екі Жақтың жетік мүшелері – экспорттаушылармен берілген ветеринарлық сертификаты болуы керек (дәрілік препараттар, азық, пен азық қоспаларынан басқасы). Барлық жүк түрлері індет ауруларынан сау бекеттерден (елдерден) шығарылуы тиіс. Халықаралық паспорты бар, жеке қолданысқа екі ит немесе мысық енгізуге рұқсат етілген. Бұл жағдайда халықаралық паспорт ветеринарлық сертификатпен тең деп есептеледі.
Тауарларды өткізу бекеттерінде, бақылауға алынған жүктер, ветеринарлық бақылаудан өтеді, егер тауар-тасымалдау жолдамалық құжаттары мен ветеринарлық сертификат көрсетілсе. Ветеринарлық құжат орыс тілінде және экспорттаушы мемлекеттің тілінде толтырылады, қатесіз, түзетулерсіз, мөрі анық басылған, жүру маршруты, көлік түрі белгіленген.
Жылқыларды темір жол көлігімен тасымалдағанда вагондарда көлденең бойы қатар бастарымен есікаралық кеңістікке қарай орналастырады. Жолсерік жүріп тұруы үшін ортанғы қатарда шеткі қатарға қараған бір жылқыға аз орналастырады. Жылқылар тек қана тағасыз тасымалданады.
Ірі қара мал вагонда ұзын бойы және көлденең түрінде орналастырылады. Көлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар
Мемлекеттік ветеринарлық-
санитарлық инспектор тасымалдау кезінде берілетін ветеринарлық құжаттармен танысады, тасымалдау шарттары мен тасымалдау режимін тексереді. Тексеру барысында тасымалданатын өнімдерде сыртқы сезімдік өзгерістері байқалса, жануарларда өзгерістер байқалса, онда жұқпалы ауруы болмағанын растау үшін, акккредиттелген зертханаларда қосымша зеттеулер жүргізіледі. Жануарларды қараудан өткізеді, олардың идентификациялық номерлері ветеринарлық сертификатта көрсетілген номермен сәйкестігін тексереді. Тасымалдау шарттары, жануар жағдайлары тексеріледі, таңдаулы түрде термометрия жүргізіледі. Барлығы сәйкес болған жағдайда құжаттарға «Ввоз разрешен» және «Выпуск разрешен» деген штамп қойып, өз мөрі және қолымен растайды да, журналға тіркейді.
Ветериналық құжаттарға «Ввоз разрешен» және
«Выпуск разрешен» деген штамп қойып, өз мөрі және қолымен растайды.
жапсырылады, 1-2 малға бір шығыршық.
Егер бір-бірінен бөлетін берік қоршау болса, бір вагонда әртүрлі жануарларды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ұсақ жануарлар тор жәшіктерде бірнеше қабатта тасымалданады. Үстінгі тор мен төбенің және вагонның қабырғасының аралығы 0,2 м болуы керек. Жәшік пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылады, ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшін орын қалтырылады.
Бағалы аңдар, олардың түрлеріне қарамастан темір жол немесе мықты ағаш, есігі темірмен торланған торларда тасымалданады.
Су жануарларын (тірі балық пен балық өрбіту материалдар, уылдырықтарды) арнайы жабдықтарған аэрацияланған вагондарда тасымалдайды, ондағы су таза, мөлдір, зиянды қоспалары жоқ, өмір сүруіне қажетті концентрацияда оттегі бар суда тасымалдайды.
Араларды омартада фанер жәшіктерінде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жәшіктерді бірнеше қабатта орналастырады, желдету тесіктері жабылмайды, әрі-бері жүріп тұру үшін орын қалтырады.
Жануар түрі, салмағы, жіберуші, алушы мекеме және жүктің жүру бағыты құжаттарға сәйкес болу керек. Егер жүктер бөлек партиямен енгізілсе, онда жүктің көлемі, салмағы қадағаланып отырады. Жүктің салмағы Комитеттің рұқсаты берген нормадан аспау керек, егер асатын болса, онда бұл бұзулық болып саналады.