Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Табиғи бал және ара шаруашылығының өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет47/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   172
Байланысты:
index

Табиғи бал және ара шаруашылығының өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында енгізуге және тасымалдауға, аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес әкімшілік шаруашылықтан, ара шаруашылығынан алынған табиғи бал мен ара өнімдері жатады және ол шаруашылықтар 3 ай бойы американдық шірік, европалық шірік, нозематоздан т.б. ауылшаруашылық жануарлардың індеттік аурулардан бос болу керек.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі өзгерістері бар бал өнімдері жіберілмейді: ораманың бұтіндігі бұзылған, органолептикалық, физико-химиялық өзгерістері бар; құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар бар. Табиғи бал мен ара өнімдерінде келесі дәрілік заттардың қалдықтары болмауы керек: хлорамфеникол, хлорфармазин, колхицин, дапсон, диметридазол, нитрофурандар, ронидазол және кумафос -100мкг/кг және амитраз 200мкг/кг аспауы керек. Және де бал өнімдерінде ара шаруашылығында емдеуге арналған басқада препараттардың қалдықтары болмауы тиіс, өндіруші міндетті түрде ара шаруашылығын ұңдемелеуге арналған пестицидттердің барлық түрлерін көрсетуі тиіс.
Бал өнімдерінің химико-токсикологиялық (ауыр металдар мен пестицидттер) және радиологиялық көрсеткіштері кедендік аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Жұмыртқа ұнтағы, меланж, альбумин және тауық жұмыртқа өнімдерін кедендік одақтың аумағында және (немесе)

Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында тасымалдауға жұмыртқа ұнтағы, меланж, альбумин және тауық жұмыртқа өнімдері тек дені сау құстардан алынған және жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтан шығуы керек. Соның ішінде: -тұмау- ХЭБ Кодексіне сәйкес міндетті тұрде декларациялауға жатады –сонғы 6 ай бойы;
-тұмаудың басқа вирустары-шаруашылықта сонғы 3 ай бойы;

  • құстың Ньюкасл ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

-орнитоз (пситтакоз), парамиксовирусты инфекциялар, тауқтардың инфекциялық бронхиті, Гамборо ауруы, инфекциондық ларинготрахеиті, инфекциондық энцефаломиелиті- шаруашылық аумағында сонғы 6 ай бойы;
Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі өзгерістері бар жұмыртқа өнімдері жіберілмейді:

  • ораманың бұтіндігі бұзылған, органолептикалық көрсеткіштерінде өзгерістері бар;

  • сальмонелла мен басқа бактериялық инфекцияның қоздырғыштарымен себеленген;

  • химиялық заттармен және ион мен ультра күлгін сәулелерімен өнделген;

Жұмыртқадан жасалған немесе құрамында жұмыртқа бар өнімдер патогендік микроорганизмдерді жою мақсатымен міндетті тұрде қайта өндеуге жатады. Жұмыртқадан жасалған өнімдер адам тағамына жарамды, сатылымда шексіз сатылу керек.
Жұмыртқадан жасалған өнімдерінің микробиологиялық, химикотоксикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың территориясында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет