Тәуліктік тауық, күрке тауық, үйрек, қаз балапандарын, түйе құсты, және де осы құс түрлерінің инкубациялық жұмыртқаларын кедендік одақтың аумағында және (немесе)
Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға құстардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау тәуліктік тауықтар, күрке тауықтар, үйрек, қаз балапандарындың, түйе құстың, және де осы құс түрлерінің инкубациялық жұмыртқалары жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:
құс тұмауы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
құстың Ньюкасл ауруы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес шарушылықта немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
сальмонеллез- ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес.
Тауық және күрке тауық шаруашылықтары:
орнитоз (пситтакозға), парамиксовирусты инфекциялар, тауықтардың инфекциялық бронхиті, инфекциялық ларинготрахеит, инфекциондық энцефаломиелит, күрке тауықтар ринотрахеиті, Гамборо ауруы, спирохетоз – шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы; қаз және үйрек шаруашылықтары:
-орнитоз, Держи ауруы, үйрек балапандарының вирусты гепатиті,үйректердің обасы- шаруашылықта соңғы 6 ай бойы; түйе құс шаруашылықтары:
венесуэлдық энцефалит, конго-қырым қызбасы, - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
Рифт алаңының қызбасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 48 ай бойы;
орнитоз (пситтакоз), құсттың шешегі, құстың туберкулезі, пастереллез, парамиксовирусты инфекциялар, инфекциондық гидроперикардит, цистицеркоз- шаруашылықта соңғы 6 ай бойы;
сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
Ата- аналық топтар жоғарыда айтылған аурулардан сау болуы керек. Тауық және күрке тауық ата-ана топтары, бұдан басқа, пуллорозды антигенмен серологиялық зерттелуі керек, (нәтижесі теріс). Бір тәуліктік балапандар Марека ауруына қарсы вакцинацияланған болуы керек. Инкубациялық жұмыртқалар жоғарыда аталған ветеринарлық талаптарға сәйкес құстардан алынады. Құстар жұмыртқалағаннан кейін, 2 сағат аралығында немесе тасымалдар алдында инкубациялық жұмыртқаларды екі рет дезинфекцияланады және жұмыртқа мен балапандарды бір рет қолданылатын тараларда тасымалдайды.