Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде ветеринариялықсанитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi



бет12/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   172
Байланысты:
index

Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде ветеринариялықсанитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi


Ветеринарлық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады. Құжаттамалық бақылауға келесі кұжаттарды тексеру кіреді: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуы; ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрысты (толықты); экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуы; ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялықсанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуы; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысан туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігі.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру) келесіні қамтиды: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді; көлік құралына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын тексеруді; тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді; ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.

Сурет-1. Автокөліктердің пломбыларын тексеру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет