Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi



бет8/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   172
Байланысты:
index

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi


Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау келесі нысандарда өткізіледі: iшкi сауда объектiлерiнде; жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда; ветеринария саласындағы, оның iшiнде лицензияланатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда.
Мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды орындайды:
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында мынадай функцияларды жүзеге асырады: жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны; ҚР-ғы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін; сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді; ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында мынадай функцияларды жүзеге асырады: ҚР-ның Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды; аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды; Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк ветеринариялық мекемелерде мынадай функцияларды жүзеге асырады; жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді; ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді; жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді; жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда; шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде;мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өткiзу (тасымалдау), тиеу, түсiру кезiнде;жануарлар аурулары қоздырғыштарының берiлу факторлары болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлерiнде; тасымалдау (өткiзу) бағыттары өтетiн мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және жануарларды суару аумақтарында; аумақтарда, өндiрiстiк үй-жайларда және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, қайта өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;мал көметін жерлерді (биотермиялық шұңқырларды), ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға енгiзу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауда және қадағалауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына; ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерiнде жүзеге асырылады.
Одан басқа жоғарыда көрсетiлген объектiлерде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тексеру нысанында ветеринариялық iлеспе құжаттарды да тексереді. Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлік өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
Iшкi сауда объектiлерiнде, жануарларды өсiру, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы заңдарының, қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтау бойынша ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексерулерін жүргізу малдарды ұстайтын және пайдаланатын ведомствоның және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің шешімімен іске асырылады.
Тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актiсiн жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi бойынша, бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор, анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртiбiн мiндеттi түрде түсiндiре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы қаулы шығарады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен тиiстi белгi жасалады.Тексеру актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi. Тексеру актiсi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актiсi үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, ҚР-ың Президентi жарлықтарының және ҚРың Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды. Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспектор өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екiншi данасы тексерiлетiн адамға қолын қойғызып берiледi, үшiншi данасы тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына берiледi. Тексерiлетiн адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы оған поштамен жiберiледi.
Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс. Актiлердi беру және жасау тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) белгiленген тәртiппен берiледi және ресiмделедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет