ЖАНУАРЛАРДЫ КӨЛІКПЕН ТАСЫМАЛДАУ
КЕЗІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚСАНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР
|
|
Көліктік күйзеліс және оның алдын алу шаралары
|
248
|
Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпайтын аурулары
|
250
|
Ас қорыту жүйесінің аурулары
|
254
|
Тыныс алу жолдарының аурулары
|
258
|
Жүйке жүйесінің аурулары
|
259
|
Уланулар
|
260
|
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралары
|
263
|
10-тарау
|
|
КӨЛІК ЗАТТАРЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЗАТТАР
|
|
Сілтілер
|
267
|
Қышқылдар
|
270
|
Хлорлы препараттар
|
272
|
Тотықтырғыштар
|
279
|
Құрамында альдегиді бар препараттар
|
279
|
Фенолдар
|
281
|
Электрохимиялық ерітінділер
|
282
|
Физикалық дезинфекциялық заттар
|
282
|
Көлікті дезинфекциялауды тиімді өткізу үшін қажетті шарттар
|
283
|
11-тарау
|
|
КӨЛІК ЗАТТАРЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ
ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
|
|
Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондар
сипаттамасы
|
291
|
Вагондарды дезинфекциялау
|
294
|
Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау
|
297
|
Изотермиялық вагондарды зеңге қарсы өңдеу
|
298
|
Тірі балықтарды тасымалдау үшін вагондарды дезинфекциялау
|
298
|
Аэрозольді дезинфекцияны өткізуге дайындау
|
299
|
Вагондарды дезодорациялау
|
307
|
Төменгі температура кезіндегі вагондарды дезинфекциялау
|
308
|
Мал платформасы, тұрағын және станса алдындағы жануартекті шикізат сақтайтын уақытша қоймаларды тазалау және дезинфекциялау
|
310
|
12-тарау
|
|
ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІЗАТ ӨНІМДЕРІН ТАСЫМАЛДА- ҒАННАН КЕЙІН КОНТЕЙНЕРЛЕРДІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚСАНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ
|
|
I-санаттағы контейнерлерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу
|
311
|
II-санаттағы контейнерлерді дезинфекциялау
|
312
|
III-санаттағы контейнерлерді дезинфекциялау
|
313
|
Жануарлар өнімдерін тасымалдайтын ыдыс-қораптарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу
|
314
|
Арнайы киімдер, аяқ киімдер және басқа заттарды дезинфекциялау
|
317
|
Көлікті ветеринарлық-санитарлық өңдеуден кейінгі ағынды сула тазалау және дезинфекциялау
|
319
|
Қиды залалсыздандыру және санитарлық бағалау
|
322
|
Жануарларды ұстаған жерлерді, аумағын және көліктегі жолдарды дезинфекциялау
|
326
|
Су көлігін ветеринарлық-санитарлық өңдеу
|
326
|
Әуе көліктерін ветеринарлық-санитарлық өңдеу
|
330
|
Автокөліктерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу
|
334
|
ГЛОССАРИЙ
|
338
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБМЕТТЕР ТІЗІМІ
|
343
|
АЛҒЫСӨЗ
Казіргі таңда Қазақстан Республикасында жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды экспорттау және импорттау көлемі өсуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт өнімдерін және жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокөлік және кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде дезинфекциялық жұмыстарды сапалы жүргізу. Көліктің барлық түрлерімен жануар, өнім және жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мәселе - аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізіне ветеринарлық санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі зертханалық және өндірістік зерттеулер тәжірибесінің негізі патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын тудыратын және өнімдермен жануартекті шикізаттардың жарамсыздығына әкелетін компоненттерді жақсы білу шарт.
Мемлекеттік қадағалау - бақылау және қадағалау түсініктерінен құралады.
Бақылау - ол сарапшылардың бақылау жұмыстары, яғни зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізу. Қадағалау - мемлекеттік ветеринарлық инспекторлардың базар, сауда орталықтарында, көлік, шекарада, ет және сүт өндірістерінде мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүргізу, ұйғарымдарды ресімдеу, жауапкершілікке тарту сынама үлгілерін алу.
Қандай мемлекеттік қызмет болмасын, өзіне қатысты тарихымен ерекшеленеді. ҚР көліктегі ветеринарлық қызметінің де тарихы бар. Шекара және көліктегі ветқадағалау және бақылау қызметінің дамуы тікелей сыртқы саясат және сауда байланыстарының дамуымен байланысты. Мұнда ең бастысы - мемлекетпен қандай дәрежеде ынтымақта және территориялары қаншалықты жақын болып табылғаны ескеріледі.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда темір жол жүйесі толық дамыған, жануар және жануартекті шикізаттар Ресейдің өнеркәсіп орталықтарына айдалып тасымалданған. Қазақстанда бұл кезде 150 ірі жәрмеңкелер, сауда орталықтары болған, бұл орталықтарға шалғайдағы аудандардан грунт жолдармен мал және мал өнімдерін жеткізген. Негізгі орталықтар болып Орынбор, Орал, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар, Семей, Алматы, Жамбыл және Шымкент қалалары саналған. Қазақстанның грунт жолдары орталық және оңтүстік Ресей, Орал, Сібір, Орта Азия және Қытаймен байланысқан. Бұл кезде темір жол көлігінде ветеринарлық қадағалау қызметі мүлдем болмаған.
Кеңес Одағы жылдарында темір жол құрылысы жылдан жылға дамыды, жануарларды және жануар текті шикізаттарды тасымалдау көлемі ұлғая түсті.
Жануар, құс, ет және жануартекті шикізаттарды тасымалдау, аурудың алдын алу, алдын ала хабарлау, қоршаған ортаны зоонозды аурулардан сақтау үшін темір жолдарда ветеринарлық қызмет ұйымдастырылды. Алғашқыда бірнеше көліктегі ветеринарлықсанитарлық орындар ашылды, яғни Орынбор-Ташкент темір жолы, кейін Қарағанды-Петропавловск-Қостанай, 1930 жылдары ТүркістанСібір темір жолы.
1933 жылға дейін темір жолдағы ветеринарлық қызмет КСРО Министрлік жүйесінде болатын. Кейін КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігіне орталықтандырылды. 1936 ж Қазақ темір жолы 6 мың қашықтыққа созылды. Сол кезде онда 30 көліктегі ветеринарлықсанитарлық аймақтар болған. Қазақстанда темір жол көлігінде ветеринарлық қызметті ұйымдастырған - Республиканың ветеринарлық дәрігері С.Т.Поветкин, ол көліктегі ветеринарлық қызметтің бастығы лауазымын 23 жыл атқарған.
1936 жылдан бастап Қазақ темір жолымен жануар, ет және жануар текті шикізат өнімдері ұйымдастырылған тәртіппен тасымалданған, жылдан-жылға тасымалдау көлемі ұлғайды. 1940 жылдары арту, түсіру және транзитте 1 млн 575 мың жануар, ет және ет өнімдері 46796 тонна, жануартекті шикізаттар-54283 тонна көлемінде бақылаудан өткізілді. 1940 жылдары тасымалданған жануарлар арасында індеттік жағдайы бойынша 50302 жануар және шикізат өнімдері тасымалданған вагондар жуылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан темір жолында барлығы 41 көліктегі ветеринарлық – санитарлық бөлім жұмыс жүргізді, соның ішінде 5 бақылау – транзит, 12 транзит және 24 – линиялық. Екінші және үшінші категория бойынша темір жол вагондарын ветеринарлық-санитарлық өңдеу үшін Жаңа Семей стансасында ірі дезжуғыш станция салынды.
Ал 1963 жылы жалпы Қазақстан темір жолында арту, түсіру, транзит кезінде 7 млн барлық мал түрі, 250 мың сом ет өнімдері және 400 мың сом жоғары жануартекті шикізаттар ветеринарлық бақылаудан өткізілді. 1965 жылы жануарларды тасымалдау көлемі 1940 жылы салыстырғанда 4,7 есе, ет – 5 есе, жануартекті шикізат – 7,4 есе өсті. 1965 жылы тазартылған, жуылған, дезинфекцияланған 158 мың. темір жол вагондары, соның ішінде 2-ші және 3-ші категория бойынша 7021 вагон, 1940 жылмен салыстырғанда 3 есе көрсеткішке жоғарылаған. Кеңес Одағының ыдырауы, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, Алматы, Батыс-Қазақстан ветеринарлық қызмет негізінде шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда Шығыс – аймақтық басқармасы ұйымдастырылды.
1992 жылы ҚР АШМ бұйрығымен шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау басқармасы құрылды, 1994 жылы шекара және көліктегі мемлекеттік бас ветеринарлық қадағалау басқармасы деп аты өзгертілді. Бұл қызметті К.Д. Дәулетбаев басқарды.
«Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау» пәні «Ветеринариялық-санитария мамандығының негізгі саласы болып табылады. Бұл пәннің негізгі міндеттері- импортттау, эспорттау, транзит және ел іші тасымалы кезінде әр түрлі жұқпалы және т.б. аурулардың алдын алу жолдарын, елімізге басқа шет елдерден келуі мүмкін жұқпалы аурулардан қорғау және оларды байқала қалған жағдайда сыртқа шығармауды үйрететін пән.
Пәннің мақсаты білім алушыларға әртүрлі көлік түрлерімен өтетін бақылаудағы жүктерге ветеринариялық-санитариялық қадағалау жүргізуді қамтамасыз ететін кешенді білім беру.
Мемлекеттік жалпыға бірдей жоғары арнайы білім стандартына сәйкес пәнді игеру кезінде алынған білім қамтамасыз етуі керек:1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін бақылаудағы жүктерге қажетті негізгі нормативтік құжаттарды білуі; 2) шекарадан өтетін бақылаудағы жүктерге ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізетін Мемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринариялықсанитариялық қызметтің құрылымын, міндеттерін, мақсатын және құқықтарын білу; 3) шекарадан өтетін бақылаудағы жүктерге (тауарларға) қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды білу; 4) экспорт, импорт, және транзит кезінде декларант көрсеткен құжаттарды зерттеуді және олардың дұрыстығын анықтауды үйрету; 5) Қазақстан Республикасына әр түрлі жұқпалы аурауларды кіргізбеу мақсатында шекарадан өтетін жануарларды клиникалық диагностикалық зерттеулерден өткізуді менгеру; 6) ҚР шекарасынан өтетін азық-түліктер мен жануар тектес шикізаттарға олардың ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіз екендігін анықтайтын зертханалық талдау жүргізуді үйрену; 7) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін тауарларға құжаттар толтыруды білу; 8) шекарадан өтетін жануарлар, азық-түліктер, жануар тектес шикізаттар тасымалына қатысатын көлік құралдарын ветеринариялық-санитариялық өңдеуден өткізуді меңгеру; 9) мемлекеттік шакарадан өтетін тауарларға кедендік және шекаралық бақылау жүргізетін тағы басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланыс жүргізуді білу.
Достарыңызбен бөлісу: |