Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет7/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   172
Байланысты:
index

2 Тарау


МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi, және ҚР Үкіметінің 2012.09.05.№1146 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау – ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға болдырмауға және жоюға бағытталған қызмет.
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:

  1. жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;

  2. мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

  3. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

  4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар құқықтары
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторы және оның орынбасарлары;

  2. ведомствоның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;

  3. ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың

орынбасарлары;

  1. ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторлары;

  2. iшкi сауда объектiлерiнiң және жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;

  3. жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң басшылары және олардың тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.

Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беріледі.
Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң тиiстi лауазымдарына «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беріледі. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тiкелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының өзiнiң мемлекеттiк тiлдегi атауы бар мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет