Ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтарына жатады: ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне (қызметтiк куәлiгiн көрсете отырып) кедергiсiз кiруге; объектiлерiнiң диагностикасы немесе ветеринариялықсанитарлық сараптама үшiн оларға зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргiзуге; ветеринариялық құжаттар беруге; актiлер шығаруға; ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған кезде алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға; жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының пайда болу және таралу әрi ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауiптi жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың шығу себептерiн, жағдайларын белгiлеуге;өзiне жүктелген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сот шешiмiнсiз жеке немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға; ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға және сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-
санитариялық инспекторлар міндетті: ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға; ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, тиiстi әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға; бұзушылықтардың дер кезiнде алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде қызметтiк және өзге де сипаттағы мәлiметтердi жария етпеуге; белгiленген тәртiппен ветеринариялық есепке алу мен есеп берудi жүргiзуге және оларды белгiленген тәртiппен уақтылы табыс етуге тиiс; ветеринариялықсанитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға тиіс.