Гастрит – асқазанның қабынуынан туындаған ауру, мұнда асқазанның сұйықтық бөлу қабілеті және қозғалу қызметі бұзылады. Гастриттің жіті және созылмалы түрі болады. Жіті гастрит кезінде ауру бірнеше күнге, ал созылмалы гастрит көп уақытқа дейін созылады, емдеу кезеңіне байланысты ауру бірде баяуласа, кей жағдайда үдей түседі.
Ауру қайталанбас бұрын асқазанның тітіркену себептерін анықтайды. Жіті гастрит кезінде 12-24-48 сағат аралығында аштық немесе жартылай аштық диетасын сақтау керек және зонд арқылы асқазанды содамен, натрий сульфатымен жуған жөн, ал иттерге және шошқаға уланған кезде, жағымсыз нашар азық жеп қойған кезде, құстыратын дәрі-дәрмек берген жөн. Осымен қатар майсана майын, натрий, магний сульфатын енгізген де жөн. Асқазан қатты ауырсынған кезде асқазан маңына жылу қойып, ішке атропин, итжидек, паповерин, 0,25% новокаин ерітіндісін енгізген дұрыс.
Емдік дәрі ретінде табиғи және жасанды асқазан сөлін енгізу керек, тұз қышқылы ерітіндісін ірі малдарға 10-20 мл 1/2 шелек суға, үстіне 2,5г пепсин немесе қышқыл құйған жөн. Гиперацидтті гастрит кезінде ем ретінде ірі қара малға 25-50,0 карловар тұзын, 10-20,0 күйдірілген магнезияны, сода, атропин, итжидек, паповерин препараттарын қолдану керек. Алдын алу шарасы ретінде малды дұрыс және құнарлы азықпен азықтандыру қажет.
Тыныс алу жолдарының аурулары
Мұрынның кілегей қабаттарының қабынуы. Ринит жіті және созылмалы, біріншілік, екіншілік, катаралды, крупозды, дифтериялық, іріңді болып бөлінеді.
Ауру себептері: суық тию, шаң-тозаңмен немесе ыстық ауамен, әр түрлі газдармен дем алу, мұрынның кілегей қабықтарының жарақаттануынан болады. Ауру туындауының себептерін анықтайды. Емдеу үшін 0,5-1% новокаин ерітіндісін енгізеді, 1-2% ментол майын жағады, ірі малдарға сульфаниламид және антибиотиктер ұнтақтарын себу керек.
Бронхит. Бронхит жіті, созылмалы, біріншілік және екіншілік, катаралды, крупозды, геморрагиялық, іріңді және микотоксиндік болып бөлінеді. Таралуы бойынша бронхитті, макробронхит, микробронхит, диффузиялы бронхит түрлерін бөледі.
Ауру себептері: суық тию, шаң-тозаңмен дем алу, зеңделген саңырауқұлақ әсерінен және тітіркендіргіш газдар мен булардан болады. Ауруды емдеу үшін мал тыныш болу керек, малды құнарлы азықпен азықтандыру керек. Ингаляциялар пайдалы ауру малдарға, ингаляцияны бір мезгілде арнайы камераларда жүргізеді. Микробтарға қарсы препараттар ретінде сульфаниламидттерді бұлшық етке, жұтқыншақ аралыққа, кең қолданыста әсер ететін антибиотиктерді қолданады. Қандайда бір антибиотик қолдану үшін препараттың микрофлораға сезімталдығын анықтап алу қажет. 0,25%, 0,5% новокаин ерітіндісімен қантамыр ішіне және жұлдызша түйініне блокада жасау тиімді, ол үшін 1кг тірі салмаққа 1, 0,5 мл новокаин ерітіндісін қолдану керек. Қатты ауырсынып жөтелген кезде, жөтелге қарсы дәрідәрмектер қолданылады. Тітіркендіру үшін және бронхтағы эксудаттың шығуын тездету үшін, ас содасын, аммоний хлоридін, нашатыр-анисты тамшыларын, терпингидрат, термопсис, эфедрин қолданады. Осылармен қатар қыша, банка, тітіркендіргіш майлар және кеуде жасушаларын қыздыру да өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |