Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Ас қорыту жүйесінің аурулары



бет110/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   172
Байланысты:
index

Ас қорыту жүйесінің аурулары
Стоматит. Стоматит жайылған және шектелген түрде болады. Стоматиттің бірнеше түрі бар: катаралды, пустулалы, крупозды, дифтериялы, ойықжаралы, афталы және флегмозды.
Катаралды стоматит – бұл бірінші реттік ауру, ал қалғандары екінші реттік ауру қатарына жатады және басқа бір аурулармен қатар жүреді.
Бірінші реттік стоматит – механикалық, химиялық және термикалық тітіркенгенде, ауыз қуысының кілегей қабаты зақымданғанда болады. Бірінші реттік катаралды стоматитті 5-10 күн ішінде емдейді. Мұнда аурудың себебін анықтайды, жұмсақ, таза су береді. Азық қабылдағаннан кейін ауыз қуысын калий перманганатпен 1:2000, этокридин лактат 1:1000, фурацилин 1:5000, 2-3% бор қышқыл ерітіндісімен, 0,1-1% танин ерітінділерімен шаяды. Ойық жараларды йодпен, глицериннің спирттегі ерітіндісімен 1:5, 1:10 қатынасында жағуға болады.
Жануарлар азығында минералды тыңайтқыштардың, химиялық ерітінді заттардың қосындылары болмау керек және ыстық және жарамсыз азық беруге болмайды. Дөрекі азықтарды және тікенек шөптерді жібіткеннен кейін беру керек.
Өңештің бітелуі. Өңештің бітелуінің толық және толық емес түрі бар бұл көбінесе ірі қара малдарда кездесетін ауру, ал кей жағдайда басқа малдарда да кездеседі.
Өңештің толық бітелуі тамыр-түйнекті азық жеуінен, кей жағдайда азықтың құрамындағы түйіршіктер әсерінен, сонымен қатар азықты жылдам жұтудың әсерінен болады.
Өңештің толық емес бітелуі бөгде заттар мысалы: темір-терсек, ине, шеге, сумен т.б. қатты заттарды жұтып қоюының салдарынан болады.
Аурудың жіті түрінде уақытында көмек көрсетсе, өңеште тұрып қалған затты алса, мал сауығып кетеді. Созылмалы түрінде өңеш қабынуы, некроз және өңештің қабырғалары жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Өңештің толық бітелуінде, өңешке 100-150,0 вазелинді және өсімдік майын енгізеді. Өңештің жиырылуын төмендету үшін атропин ерітіндісін, платифилин және аминазинды тері астына енгізеді. Осыдан кейін екі қолдың көмегімен өңештің сыртынан басып тұрған затты өңештің кең жеріне қарай және асқазанға қарай ығыстырады. Егер бұл әдіс кеуде бөлігінде орналасса, оны зонд арқылы асқазанға және ауыз қуысы арқылы шығаруға тырысады, ол үшін қос ілмекті (двухпетлевидный) Хохлов зондын қолдану керек. Егер іш өте кеуіп кетсе, троакармен теседі. Өңешке үшкір және тікенекті зат түскен болса, зондпен алуға болмайды, оны тек операция жолымен алу керек.
Алдын алу шарасы болып малды дұрыс жұмсақ азықпен азықтандыру керек және азық құрамына бөгде (темір, шыны, шеге т.б.) заттардың түспеуін қадағалау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет