Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет107/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172
Байланысты:
index

Асептикалық пододерматит. Мал тұяқтары терілерінің таспен немесе тағы басқа бөгде заттармен жарақаттануының әсерінен болады. Сонымен қатар малдарды тас жолдармен айдап тасымалдау барысында мал тұяқтары, терілері, табандары әр түрлі жарақат алады. Тұяқтарды тазалау кезінде, вагондарда және автокөліктерде ұзақ уақыт демалыссыз тасымалдау кезінде де бұл ауру байқалады. Бұл ауру кезінде жануардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып саналады. Аурудың кезеңіне қарай тәбеті төмендейді, жануар мазасызданады, жарақатын жалай береді. Аяқтары ауысып, жүрісі өзгереді, қатты жерде аяқтарын кібіртіктете басуы үдей түседі, жергілікті дене қызуы көтеріледі. Тұяқтарын қысқыштармен қысып тазалаған кезде қатты ауырсынады. Табанын тазалаған кезде қызғылт және сарғыш дақтар байқалады.
Себебін анықтайды, түяқтарды қоқыстан, кірден тазалайды, өскен тұяқтарын алып тастайды. Жануарға жұмсақ төсеніш төсейді, демалтады, аяқтарын ыстық ваннаға салу аурудан айығудың ең жеңіл және тиімді жолы.
Буынның жарақаты. Буын мен тамырлардың жұмсақ ұлпасының терең және беткейлі механикалық жарақаттануы, сүйек сіңір үлпасының және сіңір ұлпасының беткейлік және терең жарақаттануы.
Жарақаттар беткейлі және терең болады. Жараны емдеу кезінде ұлпаның жарақаттану дәрежесін және жануардың түрі мен күйіне назар аударады.
Жаңа жарақатталғанда және жай ісіну, қабыну кезінде жараның жан жағындағы жүн жамылғысын қырқып, 5% иодтың спирттегі ерітіндісін жағу керек. Жара беткейін және фибринді тазартады. Сонымен қатар жараны байлап таңған кезде трициллин немесе Житнюк ұнтағын (құрамы: 60,0 қант, 20,0 ксероформ, 15,0 стрептоцид, 5,0 бор қышқылы), ал кейде Вишневский, левомиколь майын жағу керек. Жарақат асқынып, қатты қабынса, микробтармен көп ластанған кезде жарақатты жергілікті жансыздандырады, хирургиялық тәсілмен тазалайды. Осы кезде өлген ұлпаларды кесіп тастайды да, капсуланы ашады, буынның капсуласы тек бөгде заттар енгенде кеңейеді. Буын ұлпалары ластанғанда 0,5% новокаин ерітіндісімен, 1:5000 қатыстағы фурацилинмен, 1:500 этакридин сығындысымен жуып шаяды.
Капсулалар іріңдемесе кетгутпен тігеді.
Тез қалпына келтіру үшін жараларды сульфаниламидтті препарат, бор қышқылы йодоформ препараттарымен сіңірілген дәке тампонымен дренаж жасайды. Тампонды байлап, ұлпаның грануляциялау жағдайы болғанша ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет