Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпалы емес аурулары



бет106/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172
Байланысты:
index

Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпалы емес аурулары


Бар деректерге сүйенсек, автокөлікпен тасымалдау кезінде 41%, ересек малдар, темір жолмен тасымалдағанда 49% жас мал және 18 - 38% ересек мал жарақат алады екен.
Мал жарақатының көбісі көлік түріне байланысты. Осыған орай, арнайы автокөлікпен тасымалданған мал, жай көлікпен тасымалдаған малға қарағанда аз жарақат алатыны ескерілген: мысалы, арнайы автофургонмен тасымалдағанда малдардың тек 15,7% ғана жеңіл-желпі жарақаттар алған, ал жабдықталмаған автокөлікпен тасымалдағанда малдардың 60% жеңіл және ауыр жарақаттар алғаны дәлелденген.
Жабдықталмаған машиналарға малды артқан кезде кеуде бөлігі, жамбас бөліктері әр түрлі жарақат алады, ал арнайы жабдықталған машинамен малды тасымалдаған кезде аталған жердегі жарақаттар мүлдем болмайды, болса да аз болады.
Малдардың ашық жарасын емдеген кезде жараға микрофлораның түспеуін қадағалап, қанды тоқтатып, жараны орап қою шарт. Н.Н. Филиповтың (1986) айтуы бойынша тілікті тігу кезінде этонийді қолданған дұрыс. Этонийдің микробқа қарсы әсері бар, жара микрофлорасына қарсы әсер етуі және тез бітісіп кетуіне себепші болады. Тасымалдау кезінде жарақат әсерінен қан ағып тоқтамаған кезде, көліктегі ветеринарлық-санитарлық зертханада циакрин СО-9 болу керек, оны қан тоқтамаған жараның үстіне аздап себу керек, сонда жараның бетінде жұқа орнатып қанды тез тоқтатады, бірақ бұл препаратты жарадан басқа жүнді жерге себуге болмайды, өйткені бұл жүннің түсуіне себеп болады.
Табанның және майтабанның жарақаты. Майтабанның жарақаттануы өте ауыр жарақаттардың бірі, өйткені осының салдарынан бүгілу сіңірі тартылып, тұяқтары қабынып тұрған кезде қатты ауырсынады. Табанға әр түрлі үшкір заттардың кіруінен жарақатталады. Тұяқ сүйектері және сіңірлері жарақатталса, онда емдеуі кұрделенеді, кей кезде емдеу тиімсіз, ал тек терісі ғана жарақатталса, емдеуге болады.
Емдеу үшін алдымен тұяқтарын қоқыстан тазалайды. Табанның жан жағын, 3% асқын тотығымен, спиртпен, йодпен сүртіп кірген бөгде зат болса, алып тастап, сульфаниламидтті препаратпен бірге иодоформ немесе антибиотик ұнтақтарын салып, жараны зарарсыздандырылған дәкемен немесе бинтпен байлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет