БАҚЫЛАУ
Жануартекті шикізаттарды ветеринарлық бақылау және тасымалдау тәртібі. Теңіз және өзен көлігімен әр түрлі жануарлар терісін, жүн, шаш, қыл және жүн тарамдарын, құрғақ және суланыптұздалған шектер, мамық, қауырсын, сүйек, мүйіз, тұяқ және тағы да басқа жануартекті шикізаттарды белгіленген нысан бойынша, шаруашылық жұқпалы аурулардан сау екенін дәлелдейтін ветеринарлық сертификаттары мен анықтамасы болған жағдайда тасымалдайды.
Шикізатты су жолымен тасымалдау өзіндік ерекшеліктермен сипатталады, тасымалдау ережелерін сақтамау барысында көптеген ауру, соның ішінде індеттік, паразитарлық аурулар, әсіресе сібір жарасы туындауы мүмкін. Әсіресе Азия, Африкадан келіп түсетін шикізаттарды мұқият бақылау керек, себебі ол елдерде тері шикізатында сібір жарасының қоздырғышын анықтау үшін Асколи реакциясы қойылмайды. Шикізатты тасымалдау тек белгіленген үлгі бойынша жабдықталған жағдайда рұқсат етіледі. Ветеринарлық санитарлық қадағалау жүктің 5% тексерістен өткізеді.
Кептірілген терілерді тасымалдау (тұщы құрғақ және тұздалған құрғақ шикізат).Терілердің көп бөлігін бүктелген күйде, кем дегенде 80кг дейін тасымалдайды. Тюктерді жіппен екі қайтара байлайды, орташа штабелдермен орналастырады.
Торсық, қой терілерін, тон шикізаттарын қабылдау алдында, теріде ветеринарлық санитарлық қадағалаудың сібір жарасына тексерілді деген белгісі міндетті түрде болу керек. Ветеринарлық сертификатта барлығы нақты көрсетіліп, таңба қойылады. Жүкті дұрыс орналастыру үшін құрғақ тері үстіне құрғақ кип жүгін орналастырады. Балауса немесе мұздатылған, суланған тері шикізаттары тасымалдануға жіберілмейді.
Сулы – тұздалған терілерді тасымалдау. Оларды бөшкелерде, байлап және бос түрде тасымалдайды. Терілерден жағымсыз иіс шыққандықтан, терілер салынған бөшкелерді құрғақ жүктермен қосып тасымалдамайды, себебі олар бөтен иіске сезімтал болып келеді.
Трюмдерде корпустың металл бөлігінің түбіне тақтайдан, брезенттен жасалынған төсеніш төсейді. Теріні арту барысында оның сапасын және жағдайын анықтау қиын. Сол себепті жүкті сақтау жағдайларын, теріні жабдықтау тәсілдерін, кеме бөлімдеріндегі желдету жүйесі туралы мәліметті арнайы журналға тіркеу керек.
Әрбір тюкке көлемі 9x15см фанерлі бирканы мықтап байлайды, трафареттің көмегімен келесі мәліметтерді енгізеді; тюктердің реттік номері, жөнелтуші, алушының атауы, спецификация нөмері, шикізат түрі, консервілеу түрі, тері мөлшері, тері массасы мен көлемі, стандарт нөмері. Бирканың келесі жағын таза күйінде қалдырады, онда жөнелтуші көліктің министрлік бекіткен белгілеулері қойылады.
Сортсыз әр түрлі терілерді тек трюмнің төменгі бөлігіне жүктейді. Терілерді бүктеу қажет емес, шіруге әкеледі. Әрбір ярусқа тұз сеуіп, тұздық құяды. Терінің жоғарғы қабатына кем деген 15см қалыңдықта тұз себеді. Теріні тасымалдау кезінде жаңбыр, теңіз суынан және конденсаттан сақтаған жөн, желдету жағдайын ескеру қажет. Ауа райы жағдайына байланысты, рейс барысында жүк люктерін ашып қою керек. Сулы-тұздалған терілерді түсіргеннен кейін жүк бөлімдерін жуады. Трюмды тұздан дұрыс жуу, тоттанудан сақтайды. Трюмдегі иісті кетіру үшін ағаш төсенішті көтеріп, барлық тақтайды жақсылап жуады. Сулы-тұздалған шикізатты сақтау және тасымалдау температурасы 1-12°С, салыстырмалы ылғалдылығы 89-90%.
Достарыңызбен бөлісу: |