Қазақстан Республикасы аумағында импортты жануарларды әкелгенде қолданылатын іс-қимыл алгоритмі
Қазақстан Республикасы аумағында импортты жануарларды әкелгенде жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының таралуына жол бермеу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-қимыл алгоритімі әзірленген.
Қазақстан Республикасына экспортер-елден жануарларды жөнелту алдында жануарларды карантиндеу кезінде келесі Ісқимыл алгоритмі қолданылады: 1.ХЭБ тізімдік аурулары бойынша экспортер-елдің эпизоотиялық жағдайын зерттеу.
Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің/әкімшілік аумақтың/шаруашылықтың аумағындағы эпизоотиялық қолайлылық бойынша экспортер-елдің мемлекеттік ветеринариялық қызметінен ресми растау алу.
Экспортер-елдің Кедендік одақтың ветеринариялық талаптарының енгізілгенін ескере отырып жануарларды сатып алу жөніндегі Келісім жасау.
Экспортер-елде жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттегенде қазақстаннның ветеринариялық мамандарының қатысуы.
Керек болған жағдайда, жануарлардың ауруларына Қазақстанда зертханалық зерттеулер үшін жануарлардан қан алу жүргізу.
Зертханалық зерттеулерден оң нәтиже алынғанда, керек болған жағдайда ХЭБ референттік зертханаларда бақылаулық зерттеулер жүргізу.
Экспортер-елде жануарларға жүргізілген карантиндеу кезеңінде жануарлардың барлық диагностикалық зерттеулерінің нәтижесін зерттеу.
Егер карантиндеу кезеңінде диагностикалық зерттеулердің (серологиялық, аллергиялық және т.б.) нәтижесі бойынша оң реакиялары анықталса, ҚР құзыретті органы карантинделген барлық жануарлардың әкелуінен бас тартуына құқығы бар.
Жануарларды Қазақстанға тасымалдауға жоспарланған көлік түрлеріне бірлескен инспекциялау жүргізу.
Жануарларды жеткізу (тасымалдау) іске асырғанға дейін, ВБҚК аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бекіткен, АО «Казагрофинанс» әзірлеген жеткізу пунктіне Жануараларды карантиндеу жүргізу Жоспарын ұсыну керек.
Сатушы тарапынан мал басының түгел амандығынан жеткізілетін жеріне малға ізгілік қатынынасына дейін кепілдік алу.