ШЕКАРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ- САНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР ҚР шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүргізуде шекарадағы ветеринарлық қадағалау пункттерінің ветеринарлық дәрігерлері барлық халықаралық әуежай желілерінде, шетелдік және басқа да жоспарланған теңіз және өзен қайықтарын, шекарадан өтетін темір жол және барлық көлік түрлерінің қосымша тексерістен өтеді.
Қазақстан порттарына келген соң теңіз көліктерімен барлық жануар түрлерін, жануар текті өнім және шикізатты шығаруға (енгізуге), сонымен қатар жолаушылардың шет елдерден әкелінген (ҚР Ветеринария Комитеті көрсеткен кейбір ерекше жағдайларды ескермегенде) ет өнімдерін қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының аумақтық суларына, темір жол стансаларында өлген жануарларды, азық қалдықтарын, төсеніштерді лақтыруға болмайды.
Кеден қызметі халықаралық теңіз порттары, әуежай, темір жол стансасы және сапаржай әкімшілігі арнайы бөлінген жерде ұшақ, вагон мейрамханасынан, теңіз көлігі т.б сапаржай және кеден қызметі аумағындағы асхана қалдықтарын жинау, залалсыздандыру және өтелдеу жұмыстарын атқаруды ұйымдастырады. Бұл қалдықтарды жануарларды азықтандыру үшін қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіп, теңіз және өзен порттарында, темір жол стансаларының шекарасында, халықаралық әуежай мен сапаржайларда және т.б. қадағалаудағы жүктер импортталатын жерлерде артып-түсіру ауданын салып, оны техникалық заттармен қамтамасыз етуді, жуу үшін дезинфекциялық кешендерді, тасымалдаудан кейінгі теңіз көлігі, ұшақ, вагон және автокөліктердің босаған жүктік бөлімдерінің дезинфекция және дезинсекциясын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бұл кешендер арнайы теңіз көлігі, ұшақ, поезд және автокөліктен қоқыс, тағам қалдықтарын жинап, жоятын құрылыммен жабдықталуы керек. Айтылған қалдықтарды қала қоқысына жіберуге тыйым салынады.
Халықаралық сапардағы кемелердің теңіз және өзен порттарының әкімшілігі ветеринарлық-санитарлық шараларды өткізуге жабдықталып, басқа порттардан алшақ орналасқан карантиндік порт болуы керек.
Республика, облыс, аудан ауылшаруашылық мүшелері шекаралық ветеринарлық қадағалау бекеттерімен бірігіп, шекарадағы аудандардың мал шаруашылық фермалардың, меншік иелігіне қарамастан жануартекті шикізатты, импортталған тауарды сақтау және қайта өңдеу кәсіпорын және өндірістік базаларының санитарлық жағдайын, көлікті санитарлық өңдеу, шайынды сулардың залалсыздану және өндірістік қалдықтардың өтелденуінің кешендік шараларын бақылайды.
Шекаралық қалаларда, ауылдарда базарлар салынуы, сою пунктінде қоқыс, қалдықтардың көп жинауына әкеледі олардың уақытылы шығарылуы, сонымен қоса дезинфекция және кеміргіштерді жою жұмыстарымен айналысу қажет.
Жануарларды союға шығару, азықтандыру және жануар текті шикізат аудандарына шығару тек қана мемлекеттік шекара және транспортта ветеринарлық қызметінің және ҚР АШМ қадағалауымен жүзеге асырылады.
Сатып алу, консервілеу, сақтау және жануартекті шикізаттарды тасымалдау, әсіресе Монголия және Қытаймен шекаралас аудандарда, сонымен қатар шикізатты алғашқы өңдеу (жүнді қауырсын, қыл, шашты ыстық сумен жуу, сүйектерді қайнату) кезінде осы аудандарда орналасқан кәсіпорындарда санитарлық ережелердің сақталуын қадағалайды.
Ауру және күмәнді жануарларды арнайы тәртіптегі ет комбинаттарында сою үшін Қазақстан Республикасы Ветеринария Комитетінің рұқсатымен аурудың таралмауына жағдай жасалған соң барып, рұқсат етіледі.
Ет комбинаттарына союға жануарды жеткізген соң, оны қайта қайтаруға тыйым салынады. Қайта өңдеу орындарында жануарды тасымалдаған көлікті тазалау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Жануарларды семірту үшін, жергілікті малдар жайылмайтын, инфекциялардан сау, жануарларды оңашалап ұстайтын жайылымға жібереді.Жайылымнан қайтқан жануарларды ветеринарлық тексеруге қажет жағдайда зерттеулерге жасалады.
Бұл жұмыстар өткізілетін жануарлардың эпизоотиялық жағдайына жауапты жергілікті ветеринарлық дәрігерлеріне жүктеледі. Бұндай жануарлар шаруашылықтан өтіп, жақын ет комбинатына союға жіберіледі.
Жануарлардың ішінде инфекциялық ауру табыла қалса, жергілікті ветеринарлық органдар және шекаралық ветеринарлық бекет инфекциялық ауруларға қарсы ағымдық ережелерге сай шаралар қолданып оқиға жөнінде шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бас басқармасына және Қазақстан Республикасының ветеринарлық Комитетіне хабарлайды.