Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет57/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   172
Байланысты:
index

Жануарларды, жануартекті өнім және шикізатты т.б. қадағалаудағы жүктерді Қазақстан Республикасына кіргізу және шығару, Қазақстан Республикасы арқылы тасымалдау кезіндегі шаралар. Шет мемлекеттерден Қазақстан Республикасы шекарасынан өткізу бекетінде Қазақстан Ресубликасына жануарлардың жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Құқықтық және басқа да ветеринарлық актілері» және ағымдағы жағдайға байланысты мемлекеттік ветеринарлық қадағалау ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, ветеринарлық-санитарлық қадағалау жануар текті өнімдерді және т.б. қадағалаудағы жүктерді түсіру, тасымалдау, қайта өңдеу жерлерінде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізгенде қатысты министрліктер мен ведомстволар көлік, вагон, суда ұшақтарды санитарлық өңдеуден өткізуге арналған дезинфекциялық – жуғыш блоктар орнатып, жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуы туралы қауіп төнсе, медицина қызметкерлерімен бірігіп, жолаушылардың киімі және аяқ киіміне өңдеу жасалады.
Қазақстан Республикасының барлық министрліктері мен ведомстволары Ауыл шаруашылық министрлігімен келісе отырып, белгіленген тәртіп бойынша шет елдерде жұмыс істейтін, сапар шегетін шет ел фирмаларының мүшелерін Қазақстан Республикасына жануартекті өнімдер мен барлық қадағалау жүктеріне енгізу және шығару жөніндегі тыйымдар жайлы хабарлайды.
Жануар, құстардың жалпылама ауырып, жануар және адамға ортақ аурулардың шет елдік территорияға таралу қаупі төнсе, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігіне хабарлайды.
Аса қауіпті аурулардың Қазақстан Республикасында немесе шет ел территориясында таралу қаупі төнсе, үкімет шешімі бойынша Қазақстан Республикасына адам, жануар, жүк және т.б. жануар немесе өсімдік текті өнімдердің енгізілуі жартылай толық тоқтатылуы және карантин қойылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты жақтарға және министрліктер мен ведомстволарға шектеуліктер жайлы баяндайды.
Шет елдерден жануарларды (құс, терісі бағалы аңдар, зоопарктік және цирктік аңдар, ит, балық, ара), жануар эмбриондары мен шәуетін, құрлық және су организмдерін, сонымен қатар жануартекті шикізат пен фураждарды сатып алу Қазақстан мамандарымен Қазақстан Республикасының импорт бойынша ережелерін қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасына жануарлар, жануартекті өнім мен шикізатты және т.б. жүктерді енгізу Қазақстан Ресубликасының ветеринарлық Департаментінің жазбаша рұқсатымен беріледі.
Импортталған табындық жануарларды арнайы дайындалған шаруашылықта 30 күн карантинде ұстап, кейін шаруашылық және жергілікті малдардан 1 жыл бойы бөлектеп ұстайды.
Карантин кезінде жануарларды аса қауіпті ауруларға Қазақстан Республикасы Ветеринария Комитеті белгілеген тәртібіне сәйкес кешенді диагностикалық зерттеуден өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет