Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


МИНИСТРЛІГІНІҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ



бет6/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172
Байланысты:
index

1-Тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІНІҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ,


МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жүктелген ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдері саласында іске асырылатын және бақылау-қадағалау қызметтерін жүргізетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитет құрамы келесі басқармаларынан тұрады:

  1. тамақ өнімдері мен орны ауыстырылатын объектілер

қауіпсіздігі басқармасынан;

  1. биологиялық қауіпсіздік басқармасынан;

  2. жануарлардың ауруларының таралуын болжау және қауіпті талдау басқармасынан;

  3. ветеринариялық заңнама басқармасынан;

  4. құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасынан;

  5. ұйымдастыру жұмысы және бухгалтерлік есеп басқармасынан тұрады.

Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілеріне ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалау жүргізетін қажетті құралдармен және жабдықтармен жарақталған шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тура келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттері бар.
Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, қалалар мен аудандардағы аумақтық инспекциялар Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері және функциялары мен құқықтары


Комитеттің негізгі міндеттері болып есептелінеді:1) реттелетін салада ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету; 2) реттелетін салада мемлекеттік саясатты, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды қамтамасыз ету;
Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. реттелетін салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалары мен жобаларды іске асырады;

  2. ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын іске асырады;

  3. жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу және диагностика жүргізу бойынша бағдарламаны іске асырады;

  4. ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі саласында нормативтіктехникалық құжаттамалар жобаларын келіседі;

  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады;

  6. ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын ішкі сауда орындарында қауіпті тағам өнімдерінің сатылуын анықтау және жол бермеу мақсатында ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мен мониторинг жасауды іске асырады;

  7. жануарлар аурулары, эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда олар бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді;

  8. тиісті әкімшілік-аумақтық бірлестік аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді;

  9. жануарлар ауруларының пайда болу және таралу және олардың тағамдық улану себептерін анықтайды;

  10. қолдағы бар тиісті ақпараттың негізінде экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпараттарды қоса отырып, уақытша

ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізеді;

  1. тәуекелді талдау, мал ауруларының таралуына болжам

жүргізеді;

  1. тәуекелді талдау және бағалау кезінде адамның өміріне және денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіншілігі бірдейлендірілетін жағдайда, алайда оның дәрежесін анықтауға арналған қолдағы бар ғылыми мәліметтердің жеткіліксіздігінде, тәуекелдікті басқару бойынша қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар қабылдайды;

  2. ветеринария саласы бойынша қолданылатын ұйымдарда жануарлар ауруларының қоздырғыш штаммдарының тасымалдануына (жеткізуін), сақталуына, қолданылуына және жойылуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді;

  3. жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тағам өнімдерін, азық, азық қоспаларын, құралдарын және аспаптарына қорытындылар береді;

  4. жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тағам өнімдерін, азық, азық қоспаларын өндіруге нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;

  5. ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды, қолдануды және тізімнен шығаруды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

  6. бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса есептегенде, бөлуді және сақтауды, қолдануды және тізімнен шығаруды бақылайды;

  7. ветеринариялық препараттарға, азық және азық қоспаларына, құралдарға, аспаптарға тіркеу сынақтарын жүргізеді, сонымен бірге ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеуге алады;

  8. жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, ветеринариялық препараттарды және азық және азық қоспаларын экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, ішкі сауда объектілерінде және өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді;

  9. жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын өндіріс объектілерін пайдалануға тапсыру бойынша мемлекеттік комиссияға қатысады;

  10. кеден одағының мүше мемлекеттерінің ветеринария саласындағы құзыретті органдары кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, сондай-ақ кеден одағының бір мүше мемлекетінің аумағынан кеден одағының екінші мүше мемлекетінің аумағына ауыстырылатын ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізілген тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүргізетін отандық және шетел ұйымдары мен адамдарға бірлескен тексерулерді (инспекциялауды) және кейіннен зертханалық зерттеу жүргізу және тексерулер (инспекциялау) нәтижелерін ресімдеу үшін көрсетілген тауарлардан (өнімдерден) сынамалар (үлгілер) алуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

  11. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға бақылау және қадағалау жүргізеді;

  12. ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге эпизоотиялық жағдайдың сәйкестігіне баға беруді ескере отырып, экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат береді;

  13. ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге

ветеринариялық сертификатты ресімдеуді және беруді жүргізеді;

  1. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерді ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;

  3. Қазақстан Республикасы заңнамасында және халықаралық шарттарда көзделген тәртіпте және жағдайларда ветеринариялықсанитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды (өнімдерді) өндіретін, қайта өңдейтін және сақтайтын ұйымдарды және тұлғаларды Тізілімге енгізу және одан шығару туралы шешім қабылдайды;

  4. кеден одағы және үшінші елдердің кәсіпорындарының

тізілімін жүргізеді;

  1. жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын және ветеринариялық препараттарды, азық пен азық қоспаларын жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есеп нөмірлерін береді;

  2. кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, сонымен бірге кеден одағына мүше мемлекеттің біреуінің аумағынан кеден одағына басқа мүше-мемлекеттің аумағына тасымалданатын ветеринариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізілген тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүргізетін ұйымдарға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

  3. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен көзделген жағдайларда, нұсқама береді және әкімшілік айыппұл салады, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамалар толтырады, істерді қарайды;

  4. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден келетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының кіруі мен таралуынан қорғау бойынша ветеринариялық шараларды бақылайды және оны жүзеге асырады;

  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте (Автокөлік өткізу пункттерінен басқа, кеден одағының кеден шекарасымен тура келетін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық және кедендік өткізу пункттерінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;

  6. ауру аз таралған немесе аурудан таза аумақтардың бөліктерін анықтауды жүргізеді, осы аумақтардан экспортталатын орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді, импорттаушы елдерге растау құжатын беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

  7. тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторларының ұсыныстары бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантин алынғаннан кейін, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайлардағы шектеу шараларын анықтайды;

  8. ветеринариялық шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік көрсеткіштерге келісім береді;

  9. жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген көрші мемлекеттердің шекаралық аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлік құралдарына залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) жүргізілуіне бақылау және қадағалау жүргізеді;

  10. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға бақылау объектілерін тасымалдау (орын ауыстыру) үшін қолданылатын және қолданылған көлік құралдарына залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) (ветеринариялық-

санитариялық өңдеу) жүргізілуіне бақылау және қадағалау жүргізеді;

  1. шекара және кеден пункттерінде (кеден одағының кеден шекарасымен тура келетін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, автокөлік өткізу пункттерінен басқа) кеден одағының кеден шекарасы тура келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын объектілердің тасымалдануына (орын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау

жүргізеді;

  1. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден импорт рұқсат етілетін ұйымдарды анықтау туралы шешім шығарады;

  2. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын нысандардан диагностикалық немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін мүдде білдіретін адамдарға жүргізілетін зерттеулердің мерзімі жөнінде хабарлағаннан кейін сынамалар алуды жүргізеді;

  3. басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен ветеринариялық сертификаттарды бірге әзірлеу, келісу және қол таңба қоюды жүргізеді;

  4. ветеринариялық-санитариялық шаралар бойынша Кеден одағының Келісімін және ветеринария саласында Қазақстан Республикасының басқа халықаралық шарттарын іске асыруға қатысады;

  5. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіпте, ветеринария мәселелері бойынша ветеринария саласындағы шет елдердің құзыретті органдарының және халықаралық ұйымдардың ветеринариялық қызметтерімен өзара іс-әрекет жүргізеді;

  6. Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринариялық есепке алу және есептілікті жүргізеді;

  7. ветеринария саласында қызмет жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінің қызметіне бақылау және қадағалау жүргізеді;

  8. ауыл шаруашылығы малдарына бірегейлендіру жүргізуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

  9. ветеринариялық ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық бағдарламаларды және ветеринария саласында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастырады;

  10. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес реттеуші саладағы, тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексеру парақтарын, міндетті ведомстволық есептілік үлгілеріне қатысты

актілерді әзірлейді;

  1. ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қызметіне Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген мөр және

мөртабандардың үлгілерін әзірлейді және бекітеді;

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының шеңберінде өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар туралы

ережелерді әзірлейді және бекітеді;

  1. ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының жеке және заңды тұлғалармен сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді және ұйымдастырады;

  2. ветеринария саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара ісәрекетті ұйымдастырады және жүргізеді;

  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің және қарамағындағы ұйымдардың қызметтеріне бақылау жүргізеді;

  4. ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын ветеринария және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;

  5. ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын ветеринария саласындағы және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған басқа функцияларды іске асырады.

Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Комитет өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады:

  1. ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында заңнамалық тәртіпте анықталған ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін көрсету бойынша) және де ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтері туралы ақпарат алуға;

  2. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуды, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасын мүдделі тұлғаларға, оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы хабарлай отырып жүргізеді;

  3. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және

қадағалау жүргізеді;

  1. ветеринариялық құжаттарды ресімдеуді және беруді іске асырады;

  2. жануарлар және адам денсаулығына қауіп төндіретін бақылаудағы объектілерді алуды және жоюды іске асырады;

  3. ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ұсынылған өкілеттіктер шегінде актілер шығарады;

  4. ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қолайсыз пункттерінде жануар және адам денсаулығына қауіп төндіру анықталған кезде, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте алады және жояды, зиянды өнімдерді залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысады және анықталған деректер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;

  5. соттың шешімінсіз жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметтерін тоқтатуға немесе тыйым салуға, айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын уақытта міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын беруге;

  6. реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;

  7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінеді және оларды қарауға қатысады;

  8. реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет