Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді? Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға»


Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз



бет2/15
Дата08.02.2022
өлшемі443,8 Kb.
#124955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Оңтүстік Азия Кудайбергенова Диана Гик81, Диссертация Апендиева Т.А., himia period keste 18top-1
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
Қазақ қызы – халықтың, ата-ананың абыройын сақтап, ісімен,сөзімен де, тәрбиесімен де елге көрік беретін жібек мінезді жан. «Еңлік-Кебек» поэмасында Шәкәрім қай заман да қазақ қызына ғибрат боларлықтай баяндалған бойжеткеннің, яғни Еңліктің мінезі мен болмысын толық сипаттап баяндауға тырысқан. Оны қазақ дәстүріндегі орнын ғана емес, қазақ діліне сай қазақ қызының мінезін, ісі мен сөзін баяндау арқылы жеткізуге ниеттенген.
Автор қыздың оғаш қасиетін басып айтпаған, тек ол қыздың айтқан сөзі мен іс-қылығынан ғибратшыл оқырман байқай алатындай жазған. Біріншіден, оғаш қылығы үйге түскен қонақпен жеке қалғанда:
«Анық Кебек сен болсаң арызым бар,
Бір айтармын»,-деді де салды жауып»,- деген жолдарда жат еркекке ниетінің басын ашқандай болады. Поэманың мына қос жолында:
«Үйдегілер теп-тегіс ұйықтаған соң,
Кебекті келді-дағы қыз оятты»,- түнделетіп оңашалануды іздеген бойда үйдегілерден беймәлім келеді. Ары қарай айтқанымдай мүлдем жат еркекке арызын білдіріп қосылу ниетінде сөз тастайды. Ал енді осының бәрін талдар болсақ, «қырық үйден тыйымы» бар бойжеткен әке-шешеден құпия еркекпен өз еркімен оңашаланады. Ешбір әке-шеше қызының мұндай қылығын құптамас еді. Бірақ кереғарлық мұнымен шектелмейді.
Сонымен қатар, Еңліктің өз тағдырына кіріскен жолында да тәрбиеге сай қылық байқалмайды. Оған дәлел-Еңліктің Кебек түн ішінде келуіне себеп болған жағдай жақында ұрын түскен күйеуі. Еңліктің сипаттауынша күйеуі: оң қолы олақ, есіктегі күңге де тәжім ететін ез әрі жасына жетпей әжім түскен ауру еркек. Осыны батырға айтып, қосылу ниетін білдіреді. Уақыт өте келе екеуі қашуды ұйғарады. Ал енді қыздың қылығын талдайық, біріншіден, қашқындардың бастапқы әрекеті оңашалану болған. Екіншіден, осы бөтен еркекке өзінің тағдырын өзгертуін талап қылады. Әрине, тағдырға риза болмаға, әрі бағы ашылмаған Еңліктің қайғыруын да түсінуге болады. Бірақ жат еркекпен ақылдасу қазақ қызына кереғар мінез. Мұндай тәрбиені ел абыройы деуге келмес.
Қорытындалай келе, поэмада баяндалған бойжеткен іс-әрекеті қазақ қызына көп ой салады. Бұл жерде қазақ қызына тән Еңліктің бойындағы батырлық, өжеттікті өз тағдырыңда кездескен қиыншылықтарды жеңуде іске асыруды ойлауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет