Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы 2015 жылға арналған іс-шараларды өткізу туралы



бет22/34
Дата18.05.2017
өлшемі4,62 Mb.
#16352
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34

1 маусымда аудандық Мәдениет үйінің алаңында Балаларды қорғау күніне арналған, аудандық Мәдениет үйініңәртістерімен дайындалған,«Ертегіде қонақта» театрланған көрініс болып өтті. Мерекеге келген барлық балалардың өнер мектебі мен шығармашылық үйінің суретшілеріне Аквагрим жасатуға, түрлі ойындар мен байқауларға қатысуға мүмкіншіліктері болды. Барлық әртістер мен жеңімпаздар «тәтті» сыйлықтармен марапатталды.

1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» атты Ұлттық-Ақпараттық Науқаны өтті. Бұл науқанның мақсаты – балалар еңбегін пайдалану мәселесі, оның ауқымы және сипаттамасы, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнамалардың негіздері туралы балалар мен үлкендері қоса, қоғамның ақпараттылығын арту. Балалар еңбегін пайдалану фактілері бойынша «Сенім телефоны» жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында Шемонаиха ауданында дәл сондай іс-шаралар қатары өтті.3 маусымда 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері білімінің деңгейін анықтау мақсатында викториналар өткізіліп, әңгіме-дәріс жүргізілді. Сондай түрдегі іс-шаралар әлеуметтік қорғау, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында өткізілді.



4 маусымда Шемонаиха қаласында Ю. Гагарин атындағы №3 ОМ негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған салтанатты линейка аясында белсенді жастар өкілдері «Жас Отан» жастар қанаты қатарына салтанатты түрде кіруі өтті.Жиналғандардың алдында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты төрағасы Қ.Қайыпов сөз сөйледі, ол өз сөзінде жастардың мықты да, берік саяси ұйым құрулары керектігін айтып өтті. Іс-шара жастар өкілдерінің салтанатты түрде Қазақстан Республикасына – Отанға деген сенімділіктері туралы Ант қабылдаумен аяқталды. Бұған мектептер оқушылары, колледж студенттері және Отанымыздың беріктігіне алдыңғы уақытта талмай қызмет етуші жас педагогтар қатысты.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет