22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталғанына қайғы және ес күніне арналған «Еске алу шырағын жақ» атты акцияны өткізу жыл сайынғы дәстүр болып саналады. Салтанатты іс-шараға «Даңқ» мемориалдық кешенінде аудан қонақтары мен тұрғындары жиналды. Усть-Таловка кентінің «Камертон» вокалдық тобы «Зажгите свечи» әнінорындаған уақытында қаза болған солдаттар мен офицерлерді еске алып шырақ жағылды.
26 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында «Татып көрме» акциясы өтті. Аудандық Мәдениет үйінің алаңында тақырыптық дискотека болып өтті.
6 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында, Шемонаиха қаласында «Астана – Қазақтан жүрегі» атты іс-шаралар қатары өтті. Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар Орталығы аудандық Мәдениет үйінің алаңында, Мәдениет, тіл дамыту және спорт бөлімімен ұйымдастырылған, концерттік бағдарлама уақытында «Астана – менің елордам» сауалнамасын өткізді, оның мәні Астана қаласының көрікті жерлері туралы сұрақтарға дұрыс жауап беру болды. Әрбір дұрыс жауап үшін астананың басты бейнесі – Бәйтерек бейнесібар кәдесыйлар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |