25 мамырда ауданының барлық жалпы білім беру мектептерінде «Менің атаулы ағашым» акциясы өтті. Акцияға мектеп бітірушілері және 1 сынып оқушылары қатысты. Балалар өз «атаулы ағаштарын» күтеді және алдағы 11 жыл мерзімінде олармен бірге өседі. Акция Жастар Орталығының және «Верх-Уба орман шаруашылығы» КММ қатысуымен өтті.
Шемонаиха қ. «Бәйтерек» саябағының алаңында «Сәлем жаз – 2015!» жастар акциясы өтті. Көрермендерді және кешке қатысушыларды Шемонаиха қаласы «Жастар Орталығының» директоры Константин Буднецкий 2015 жаз айының келуімен, каникул, демалыстармен құттықтай отырып, оларға жарқыраған күн астында, бейбітшілік өмірде толық бір мақсаттарына жету үшін жаңа идеялармен, белсенді әрекеттермен құттықтады.
Жас әртістер көрермендерге заманауи әндерін және би нөмірлерін сыйлады. Бағдарламада кеш өткізу барысында әр түрлі сайыстар, спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізулер жоспарланған және олардың барлығы ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңы дискотекамен аяқталды.