Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет19/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *


–  Науқастанып  тұрған  жоқсың  ба?  Жүзін  сынық  қой,  –  деп 
состиып  қалды  директор  Тұрарды  көргенде.  –  Отыршы,  өзің.
Тұрар  директор  үстелінің  алдындағы  орындыққа  жайғаса 
беріп жақсы көретін ұстазынан жасырмай бар жағдайды жайып 
салды.
– Кешегі оқиғадан кейін маған тезірек Меркеден кетуге тура 
келіп тұр, Иван Владимирович. Мүмкін болса, салтанатты кешке 
қалдырмай-ақ маған куәлік берсеңіз...
Семашко мырза Пішпек техникумының бастығына хат жазып 
бермекші болды. Ендігі шаруа тек сізде...
– Да, Қызыл Жебе, мен сені түсінемін, – деп директор креслодан 
көтеріле беріп, тар кабинеттің ішінде әрі-бері жүре бастады. Бір 
қолын артына ұстап, бір қолымен бурыл самай шашын сипалап, 
ойға  шомған  сияқты.  –  Кешегі  әрекетің  үшін  саған  ұрсуға  да 
болады, ұрыспауға да болады. Әрине, шын рев... жоқ, шын азамат 
жалғыз-жарым ештеңе өндіре алмайтын болған соң, сыр бермеуге 
тиіс. Жалғыз ағаш – орман емес. Оны әлі түсінесің. Жарайды, 
жасыма!  Документіңді  аласың.  Пішпекте  менің  де  достарым 
бар, далада қалмассың. Айтпақшы, документтерді толтыруға сен 
көмектессең қайтеді? Сенің жазуың жақсы ғой. Біздің мектебіміз 
тұңғыш рет балаларға куәлік бермекші. Ол куәлікті айбақтамай, 
әдемілеп,  мәнерлеп  толтырған  жөн  болар  еді.  Ал  үздік  оқушы 
ретінде бірінші нөмірлі куәлікті өзіңе толтыр. Жарай ма? Екеуміз 
куәліктерді бүгін толтырып бітсек, ертең балаларға салтанатты 
түрде  тапсырамыз.  Ол  жиынға  Меркенің  әкімдері  де  келеді. 
Келістік қой? Онда ерте күнді кеш қылмай, іске кірісейік. Мына 
папкада балалардың тізімі бар. Қай пәннен қандай баға алғаны 
да жазулы. Мәселен былай. Алфавит бойынша, бірінші Айбаров 
Атамырза...–  Oh,  оңбаған.  Бірінші  бола  қалуын  қарашы.  Ілініп 
әрең  бітірді,  кілең  үштік.  Мейлі,  оған  қалаған  нөміріңді  қой. 
Бірінші нөмірді өзіңе қалдыр. Кәне, жазып көрші...
Директор  темір  сейфтен  су  жаңа  жалтырақ  қағаздар  алып 
шықты. Қалың жылтыр парақтың ең төрінде екі басты самұрық 
құстың  суреті  салынған  герб  белгісі  тұр.  Одан  төменірек  ірі 
әріптермен «Куәлік» деп жазылыпты. Директор Тұрарға куәлікті 


қалай толтыру керек екенін түсіндіріп болды да, бір шаруамен 
кеңседен  шығып  кетті.
–  Саған  ешкім  кесір  болмас  үшін,  сыртыңнан  құлыптап 
қоямын. Қарсы емессің бе? Ал мұқият бол, қате жіберме. Әрбір 
куәліктің  бланкі  есепте  тұр.  Біреуі  бүлінсе,  ең  алдымен  мен 
құримын.  Саған  сенемін,  Тұрар...–  деп  кетті.
Тұрар Атамырзаның куәлігін толтырып болып, өз жазуына өзі 
ары-бері қарап, екінші бланкті ала бергенде астынан жазуы бар 
бір парақ қағаз шықты. Бұл Иван Владимировичтің қолы екенін 
Тұрар бірден таныды да, куәлік толтыруға байланысты емес пе 
екен деп оқи бастады.
«Санкт-Петербург.  Мемлекеттік  Думаның  мүшесі,  социал-
демократ  И.  П.  Павловскийге.
Құрметті  Иван  Петрович!  Сізге  Ресейдің  бір  қиырынан, 
Түркістан өлкесінен хат жазып отырған социал-демократ Иван 
Коваль. Біздің ұйым әлі әлсіз. Бірақ сіздер көмек етсеңіздер, істі 
жолға  қоюға  болады.  Ол  үшін  Сізден  мынаны  өтінеміз.  Бізге 
революциялық  әдебиеттер  керек.  Мысалы,  мына  мағыналы 
кітапшалар,  прокламациялар:
1) «С.Д. мен С.Р. деген не және көтеріліс»;
2) «Мемлекеттік Дума деген не, ол халыққа не береді?»;
3) «I және II Думалар неге жойылды. III Думаны сайлау туралы 
Заң  неге  шығарылды?»;  4)  «Солдатқа  адам  бермеңдер,  салық 
төлемеңдер»; 5) «Жер талап етіңдер»; 6) «Патша кімдерді дарға 
асып,  кімдерді  өлтіріп  жатыр?»  т.  б.  Сондай-ақ  рев.  өлеңдер, 
Марсельеза  тексті,  жауынгерлік  және  қаралы  марштар.
Сіздің хатты біздің пошта ашып қояды екен деп қорықпаңыз. 
Онда өзіміздің адамдар бар. Тек сіздердегі пошта ашып жүрмесе 
болғаны.  Хатты  вагон  жәшігіне  салыңыз,  немесе  заказбен 
жіберіңіз.  Осы  хатымды  алғаныңыз  туралы  Л.  Н.  Толстойдың 
суреті  бар  открытка  салып  белгі  беріңіз.  Ал  кітапшалар 
жібергеніңіз туралы М. Горькийдін суреті бар открыткамен белгі 
берерсіз.  Ал  егер  күдік  туған  жағдайда  Нева  проспекті  суреті 
бар  открыткамен  білдіресіз.  Менің  адресім:  Түркістан  өлкесі, 
Сырдария  губерниясы,  Әулие-Ата  уезі,  Мерке  селосы.
И. Коваль»


Тұрар  ұрлық  қылған  адамдай,  ыңғайсыз  жағдайда  қалды. 
Директор  тапсырып  кеткен  жұмысты  да  ұмытып,  әрі  ұялып, 
әрі мынандай керемет жаңалық ашқанына аң-таң болып, мүлде 
басқа  бір  әлемнің  үстіне  топ  ете  түскендей  аңтарылып  қалды. 
Мына  хаттағы  мәндес:  «Социал-демократ»,  «Мемлекеттік 
Дума», «Революция» деген сөздер Тұрардың құлағына ызыңдап 
алыстан,  Алматы  түрмесінің  камерасынан  естілгендей  болады. 
Иә, Александр Бронников айтар еді бұл сөздерді. Ол кезде бұл 
сөздердің  мағынасы  баланың  санасына  жете  бермейтін.  Бірақ 
шыңырауға ілуде сығалаған күн сәулесіндей сыр бар еді сиқырлы 
сөздерде.  Бала  соны  сезетін.
«Біздің  поштада  өзіміздің  адамдар  бар  дейді  ә...  Сонда  кім 
болғаны? Айтпақшы, Қабылбек поштада істейді ғой. Әрі оқиды, 
әрі  поштада  жұмыс  істейді.  Сол  болып  жүрмесін?!  Апыр-ай, 
сонда  Иван  Владимирович  мұндай  құпия  жұмыстарды  маған 
сенбей, Қабылбекке сеніп тапсырғаны ма? Бірақ менің істейтін 
жерім  –  мұндай  астыртын  жұмыстың  орны  емес  қой».
Тұрар келесі куәлікті Қабылбек Сармолдаевтың атына нөмірі 
екінші  деп  толтырды.  Бар  ықыласын  салып,  оның  аты-жөнін 
маржандай тізіп жазды. Қабылбек те үздік шәкірт еді, бағалары 
кілең бестік, бір-ақ төрті бар екен. Оның өзі мұсылманша оқудан.
Келесі куәлікті Тұрар өзіне толтырды. Бұл сәт оның өміріндегі 
ең бір шешуші кезең еді. Қылмыс екенін біле тұра тас жұтып, 
тәуекелге бел байламақ. Алдына таза куәлікті қойып, өзімен өзі 
арпалысып көп отырды. Фамилиясын өзгертіп жазғаны – заңға 
сыйымсыз.  Иван  Владимировичке  кесірі  тиіп  кетуі  мүмкін. 
Әлгінде  қатты  ескертіп  кетті  ғой,  бір  бланк  бүлінсе  –  мен 
құримын  деп.  Сонда  қалай  Қырғызбаев  болып  кете  бара  ма? 
Туған әкеден жетесіз ұл безеді. Арада неше жыл өтсе де, өкім 
атаулы  оның  әкесінің  атынан  өлген  бураның  басынан  үріккен 
атандай естері кетіп, көздері ежірейе қалады. Соған бола әкесінің 
атынан айырыла ма? Кеше кеште Бектен тойынан қайтқандағы 
ант  қайда?  Әлде  Иван  Владимировичке  айтып,  рұқсат  сұрау 
керек пе? Ол көнбей қойса ше? Өйткені оны да қадағалап отырған 
инспектор бар. «Рысқұлов деген қайдан шыққан оқушы? Ондай 
шәкірт жоқ еді ғой, Андреев мырза?» – деп қадалса, ұстазы не 


күйде  қалмақшы.  Бірақ  бала  дәл  қазір  тәуекел  демесе,  өмір-
бақи  бөтен  фамилиямен  кететініне  көзі  жетті  де:  не  өлгенім, 
не тірілгенім, деп куәлікке қара тушпен «Р» деген әріпті басып 
кеп  қалды.  Жазарын  жазып  алып,  маңдайынан  суық  тер  бұрқ 
ете түсті. Қолындағы қаламұшты қағаз бетінен тартып алып, өзі 
таңбалаған «Р» әрпіне үрейлене қарап, меңіреу адамдай сілейді 
де отырды. Кірпік қақпай қалған баланың көз алдында әлгі «Р» 
бірте-бірте ұлғайып, жан біткендей қимылдап бара жатты. Аспара 
шыңының басында Қызыл Жебе мінген Рысқұл тағы бір рет жалт 
етіп көрінді де «Р» әрпі қайтадан бұрынғы қалпына келді.
Енді  шегінерге  жер  қалмады.  Өткелден  шегінетін  көпірді 
Тұрар  өзі  өртеп  жіберді.  Енді  куәлік  бәрібір  бүлінді.  Тушпен 
түскен «Р»-ды өшіре алмайсың. Сонда бала «Рысқұлов Тұрар» 
деген  сөздерді  бадырайтып  тұрып  ірілеу  жазып  болды  да,  өз 
денесіне құдірет басқа бас орнатып, кеудесіне басқа жүрек салып 
бергендей, сірә түк те болмағандай салмақтана қалды. Әлгі бір 
уайым, әбігер хал атымен жоқ. Енді бұл ешкімнен қорықпайтын 
сияқты.  Қайта  еңсесін  ылғи  басып  тұратын,  ылғи  жаншып 
жүретін  зіл  қаратас  арқасынан  домалап  түскендей  «уһ!»  –  деп 
жалын ата бір дем алды да, рахат әлемінің құшағына кіргендей, 
сейдін  көңілі  көтеріліп,  ыңылдап  ән  салып,  куәлік  қағаздарын 
толтыра  берді.  Әлгі  әннің  әуені  «Полонез»  екенін  аңғарған  да 
жоқ.
Директор қайта оралғанда Тұрар барлық балалардың куәлігін 
жазып та бітіріп еді.
– Жарайсың, Қызыл Жебе!– деп мақтады директор Тұрардың 
жазуына сүйсініп.
– Мақтауыңыз жетті, Иван Владимирович, енді айыптайсыз, 
жазалайсыз мені, – деді Тұрар аспай-саспай.
– Неге? – деп директор шошып кетті. – Әлде бланкті бүлдіріп 
алдың ба?
–  Жоқ,  Иван  Владимирович.  Мен  саналы  түрде  екі  қылмыс 
істедім.  Біріншісі,  сіздің  құпия  хатыңызды  оқып  қойдым.  Бұл 
бір. Екіншіден, міне мына өз куәлігімді былай толтырдым. Менің 
шын аты-жөнім. Каторгаға кеткен әкемнің алдында мәңгі қарабет 
болмас  үшін  осы  әрекетке  бардым.  Ендігі  ерік  өзіңізде,  Иван 


Владимирович. Дәл қазір приставқа ұстап бересіз бе, әлде куәлік 
бермей қоясыз ба – бәрі өз қолыңызда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет