Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
ЕКІНШІ БӨЛІМ
«В
о глубине сибирских руд
Храните гордое терпенье:
Не пропадет ваш скорбный труд
И дум высокое стремленье»
(А. С. Пушкин)
«Оян, Тұрар!»
Есіңде  ме,  Алматының  көк  қақпалы  түрмесінде  жатқанда 
ұдайы құлқын сәріде саған осылай тіл қатар едім. Содан бері 
қанша жыл өткен? Алты, бәлкім, жеті жыл шығар. Әу баста 
мен  каторгадағы  уақытымды  сағатпен  санаушы  едім,  Тұрар. 
Содан соң күн санайтын болдым. Ай санадым. Уақыт шегі жоқ 
екен, әсте-әсте бұған да бой үйреніп кетті білем, кейін-кейін, 
күнді де, айды да, тіпті жылды да жиып тастадым, атасына 
нәлет.
Ана  бір  жылғы  қиял  хатымда  айтқанымыздай,  Үркіттің 
қаласында  мені  Бодойбо  деген  жерге  айдауға  үкім  шыққан. 
Үркіт  пен  Бодойбоның  арасы  екі  мың  шақырым  жер.  Әуелі 
Үркіттен  бізді  жаяу  айдады.  Қыстың  бір  қысылған  кезі  еді. 
Айнала дүние аппақ сіре қар, жалғыз аяқ жолмен ұзыннан-ұзақ 
шұбаған  каторжниктер.  Үркіттен  біз  шыққанда  алты  жүз 
адам едік. Алты жүз адамның аяғындағы кісен сыңғыры әлемнің 
қай түкпіріне болса да жеткен шығар деп шамалаймын. Бәлкім, 
сенің құлағыңа да шалынған шығар. Сол кісенді жалаң қолмен 
ұстай  алсаң,  алақаныңды  алып  түседі.  Алты  жүз  адамнан 
Бодойбоға тірі жеткені үш жүздей болды-ау деп шамалаймын. 
Көбі үсіп өлді, атасына нәлет. Баяғы бір күндер жұмақ екен ғой. 
Елде  жүрген  шағымды  айтамын.  Біреу  өлсе,  «бауыремайлап» 
жылап-сықтап,  ел  жиылып,  күңіреніп,  кәдімгідей  көр  қазып, 
ақ жауып, арулап қояр еді. Адам баласының сондағы қадірлісі-
ай. Үркіт–Бодойбо жолында бір бейбақ кісеніне шалынып құлай 
кетсе, қайтып тұруды оған жазбаған. Айдауыл оны күресінге 
сүйретіп тастайды. Ешкім қарайлауға мұрсат жоқ. Тұтқындар 


тек көзбен ғана қоштасады. Енді менің кезегім қашан келер екен 
деп бара жатады.
Көбі аштан өлді, атасына нәлет.
Қиырсыз  ақ  кебін  –  ақ  мұнардың  арасында  ұзақ  жүргенде 
адам сансырап, дүние-тіршілікке самарқау болып қалады екен.
Алыста ағайыным қалды-ау, ананың жайы қалай, мынаның 
халі қалай болды екен деп ойлап, ми қатырмайсың мұндайда. Тек 
өзегің  ғана  әлі  өлмегеніңді  ескертіп,  үзіліп-үзіліп,  аштықтың 
азынаған белгісін береді. Кейде бәленбай жүз кісеннің сыңғыры 
сол аш өзектің аянышты азасындай болып естіледі. А бірақ сонда 
да сана сөнбей, қиял өлмей, қай-қайдағы көз алдыңа елестейді. 
Бірде Ақсу-Жабағылының жайқалған жайлауы, желі басындағы 
шыбындаған мама биелердің қымызының иісі, қазанда қайнаған 
бағлан еттің жұпары сонау алыстан жетіп, мұрныңды жарып 
кете жаздайды. Кейде Талғар таудың бауырындағы жеркепенің 
іргесінде  тұратын  арша  күбідегі  ашымал  көжені  аңсайсың. 
Сондағы  дүние  неткен  дүрия  едің,  қатықсыз  қара  көже 
неткен  қасиетті  еді.  Байтақ  қазақ  даласының  топырағында 
туғандардан аштықтың дәмін менен артық татқан адам бар 
ма екен? Ай, жоқ-ау, сірә. Күніне көретін тоқсан тоғыз бәленің 
бір түрі және мылтықсыз, қылышсыз, а бірақ ең қатыбас түрі 
осы аштық, атасына нәлет.
Бодойбо деген иттің жолы бір жерде кеңейіп, алдымыздан 
шана  жүріп,  тапталып  қалған  екен.  Сол  жолдың  үстінде  көз 
ұшында қарайған жалғыз нүктеге бәленбай жүз аштардың көзі 
бір мезгілде түскен сияқты еді. Тұра кеп ұмтылдық. Аяқ-қолдағы 
бұғаулардың  сақыр-сұқыр  сылдыры  жүз  есе  күшейіп,  үркінді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет