Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
*Ой қозғау
Мәтін дегеніміз не?
Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
Оларды ата
*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?
1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.
2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.
Тапсырмамен жұмыс Мәтінді оқы. Тақырып ойлап тап. Түсініксіз болған сөздерді сұрап ал.
*Мәтінді түсіндің бе? Бүркіт туралы білгеніңді айтып бер. Сені қызықтырған жерлерін тауып оқы.
Оқығаныңды қайтадан айту үшін мәтіннің әр бөлігінен үзінділерді бір - бірімен байланыстыру кейде қиынға түседі. Айтқаның бір - бірімен жақсы байланысу үшін мәтіннен тыс қандай сөздер пайдалануға болады? Ойланып көрші.
Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» повесі саған таныс па? Осы повестен үзінді оқы. Үзіндіге қандай ат қояр едің?
*Гүлсары туралы ғана айтып бер. Ол үшін мәтіннің әр бөлігінен мәлімет алғаныңа мән бер.
III. Қорытынды. *Табиғат көрінісі-боранды түндегі жылқыларды көз алдыңа елестете алдың ба? Осы мәтіннің кез - келген жерінің суреттемесін салып көр.