4 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәнері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәнеріне үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын молайту. Оларды әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізгі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Адамдармен әр түрлі жағдайда сөйлесесің. Алайда, сөйлеу мүмкіндігіңнің әр түрлі екенін ұмытпа. Сөйлегенде, оқығанда, тыңдағанда өзің де әр түрлі қалыпта боласың ғой. Мысалы:
Тыңдаушы
Оқырман
Әңгімеші
Мәнерлеп оқушы
Ертегіші
Әңгімелесуші
Таныстырушы
Ойлан. Төмендегі суреттерге қарап, берілген сөздерді пайдаланып, Ділмардың не істеп тұрғанын анықта.
Жаз және айтып бер.
Сенен: «Әкеңнің мамандығы кім?» деп сұраса, «инженер» немесе «есепші» деп жауап бересің. Бұл мамандықтардың сөзге, сөйлеуге қатысы бар ма?
Қане, сөзге және сөйлеуге қатысы бар мамандықтар мен қатысы жоқ мамандықтарды анықтап көрейікші.
Төменде беріліп отырған тізімнің ішінен сөз басты рөлді атқаратын мамандықтарды бір бағанға, сөйлеу аса міндеттелмейтіндерін екінші бағанға жаз.
Ұшқыш, экономист, бағбан, таныстырушы, аудармашы, өнертанушы, мұғалім, күзетші, кассир, инженер, дәрігер, есепші, құрылысшы, кітапханашы, аспаз, жүргізуші, әнші, жөндеуші.
*Таныстарыңның, туыстарыңның арасында жоғарыда аталған мамандық иелері бар ма? Солар туралы әңгімелеп бер.
Қазақ көп сөйлейтін адамды - «мылжың», сөзге сараң адамды – «үндемес», әзілқой адамды - «қуақы», мән - мағынасыз сөйлейтін адамды - «парықсыз», мақтанып сөйлейтін адамды - «даңғой, мақтаншақ», айқай - шу шығарып сөйлейтін адамды - «ұрысқақ» дейді.
Осы сөздер арқылы адамның сөйлей алу қабілетіне мінездеме береді.
*Көп сөйлеуге, күңкілдеуге, айқайлауға, сыбырлауға, бәстесуге, әзілге әуес ұлдар мен қыздар болады. Соларға үлгі бойынша анықтама бер.
Сөйлейді - мылжың
Күңкілдейді_________________________________
Айқайлайды_________________________________
Міңгірлейді_________________________________
Бәстеседі_____________________________________
Әзілдейді_____________________________________
*Осы сөздерді пайдаланып ішінде қайсысы қатты, қайсысы жай сөйлейтін адамның мінезін байқадың?
Қатты
Жай
III. Қорытынды. *Өлеңді оқы және ойлан. Өзің үшін күлкілі көрінген жолдың астың астын сыз.
Бөсербайдың маймылмен достығы