22 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сауатты жаза білуді үйренейік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, сыпайылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға сәлем берудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей ақ табылар
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Оқушылар сөздің дұрыс айтылуын орфоэпия ғылымы зерттесе, сөздің дұрыс жазылуын орфогафия деп айтады. Біздер әрбір сөзді сауатты, қатесіз жаза білуді үйренеміз. Мысалы: «басшшы» деп айтылса, «басшы»деп жазылады.
*мақал мәтелдермен жұмыс
- Білім инемен құдық қазғандай
- Оқусыз білім жоқ.
Білімсіз күнің жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |