21– сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыпайы сөйлеуді үйренейік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, сыпайылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға сәлем берудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық
Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге «Сіз» деген!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Оқушылар сыпайы сөйлеудің өзі де үлкен мәдениеттілікті білдіреді.
«Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер қандай жағдайда, кімдерге сыпайылық көрсетулерің керек.