25 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Өз сөзіңмен айтып беруді үйренейік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндерді дұрыс түсініп оқуға үйрету.Сонымен қатар мәтінді қайтіп айтып беруге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды шығармашылық ізденіске, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық
Сәлем берген баланы кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы, кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
Оқушыларға бүгінгі сабақты тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Адам алған білімін есіне сақтап, оны басқаларға қалай жеткізеді деп ойлайсың?
Көбінде мәтін арқылы. Екінің бірі өзінің білгенін біреуге түсіндіре алмайды және кітап оқудан, сабақтан, әңгімелесуден білімін жетілдіре алмайды. Сол үшін кез келген мәтінді түсіне білуге және оны қайта айтып беруге үйрену керек.