Шешендік өнер әліппесі



бет6/75
Дата01.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#141583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Шешендік өнер (1)

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І тоқсан










1

Кіріспе.Шешендік өнер.










2

«Өнер алды – қызыл тіл»

1







3

Кім айтты? Не айтты? Кімге айтты?

1







4

Кіммен қалай сөйлесеміз? Сөйлеу мәнері.

1







5

Жүйелі сөз жүйесін табады ....

1







6

Біз қалай сөйлейміз?

1







7

Сөздің ырғағын келтіріп сөйлеу.

1







8

Сөйлеу барысында екпінді сақтау.

1







9

Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі.

1










ІІ тоқсан










1

Ыммен түсіндіру және ишарамен білдіру.

1







2

Қас-қабағынан білу және айтқызбай түсіну.

1







3

Тыңдай білуді үйренейік.

1







4

Тыңдаймыз және естиміз.

1







5

Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз.

1







6

Сабақты мұқият тыңдаймыз.

1







7

Сыпайы өтініш.

1










ІІІ тоқсан

1







1

Өтіне білу де өнер.

1







2

Оқуды және жазуды үйренеміз.

1







3

Мәтін.

1







4

Тірек сөздер.

1







5

Мазмұнын айту. Егжей-тегжейлі мазмұндау.

1







6

Қысқаша мазмұнын айту.

1







7

Келісу немесе бас тарту.

1







8

Сыпайы және дөрекі бас тарту.

1







9

Сен қалай жауап берер едің?

1







10

Өтінішті орындаудан бас тарту.

1










ІV тоқсан










1

Мәтіннің түрлері.

1







2

Пайымдау.

1







3

Мысал келтіре отырып пайымдау.

1







4

Дәйекті және дәйексіз ойды жеткізу.

1







5

Ойша елестете отырып суреттеу.

1







6

Заттың нышаны.

1







7

Хабарландырудағы суреттеу.

1







8

Болған оқиға ма, ойдан шығарған әңгіме ме?

1







Барлығы

34







6
Сабақ жоспарлары


1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Өзіңді-өзің тексеріп көр.


Сабақтың мақсаты:

  1. Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып, сабаққа деген

қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;



  1. Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;




  1. Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже: шешендік сөз туралы түсінік алады, сабаққа деген қызығушылықтары артады.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, журналдар т.б.


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.




ІІ. Кіріспе: Шешендік өнер – қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Тапқырлықпен айтылған, көркем тілмен жеткізілген үлгілі ой-тұжырымдарды шешендік дейміз. Мұндай сөздер халықтың даналығын, тілдің байлығын көрсетеді.Халқымыздың тарихында көптеген би-шешендеріміз болған. Жау шапқанда ақылға шақырып, дау туғанда төрелік айта білген би-шешендер ел арасында сыйлы болған. Қазақ халқы балалардың шешендігіне де айрықша мән берген. Тапқыр балаларды үлкен-кіші демей, бәрі құрметтеген.

Сонымен, шешендік өнер дегеніміз – шебер, астарлы, әсерлі әрі көркем сөйлеп, жазуға үйретерін ілім.




ІІІ. Шығармашылық тапсырма:
1. Мәтінді мұқият оқып шығыңдар, мағынасына мән беріңдер.

-Бала әкесінің қайтыс болғанын «түйемнің тұсауы өліп қалып еді» деп неге айтты?





  • Қонақтар баланың жауабына не себептен риза болды?

2.Мағынасын түсініп оқы. Бұл заманда не ғаріп? Замандасы болмаса, Қария болар тез ғаріп.


Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел ғаріп. Қаз-үйрегі болмаса, Айдын-шалқар көл ғаріп.

7
Әділ биі болмаса,


Бірлігі кетіп ел ғаріп.
Қадірін елі білмесе,
Қайратты туған ер ғаріп.

*Егер осы өлең жолдарын қара сөзбен айтатын болсақ, дәл осындай жинақы шығар ма еді, қалай ойлайсыңдар?




Сергіту сәті.
ІV. Дәптермен жұмыс.
Өзіңді –өзің тексер.
1.Үлгіге қарап сөйлем құра.

2.Сөз адамды қалай қуантады?Қалай ренжиітеді? Мысалдар келтір.


3.мағынасын түсін.
Жақсыға айтқан тура сөз,
Жасақ тіккен тумен тең.
Жаманға айтқан тура сөз,

Құмға құйған сумен тең.


*Бұл қанатты сөз қандай мағынаны білдіреді? «Тура сөз» дегенді қалай түсінесің? Жақсы адам қандай? Жаман адам қандай?





  1. Амандасқанда қандай сөздерді қолданамыз? Қоштасқанда ше?

Алғыс білдіргенде, кешірім сұрағанда айтатын сөздерді есіңе түсір.





  1. Қандай мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, тақпақтар мен санамақтарды білесің. Жазып көр.



V. Сабақты қорытындылау
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өнер алды – қызыл тіл.


Мақсаты: 1.Шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;



  1. Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;




  1. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже: шешендік сөз туралы түсініктері кеңейіп, сөз мағынасын түсініп, ой қорыта алуға үйренеді.


Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған
«Шешендік өнер»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі. Кане, балалар тұрайық. Бір-бірімізге күліп қарайық. Мейірімге толы жүрекпен,

8
Орнымызға отырайық.


Ж. Баласағұн «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз.

Кісі көркі – жүз, жүздің көркі – сөз» дегендей, қазақ халқы сөз қадірін өз қадірім деп білген. Орынды сөзге тоқтаған. Орынсыз сөзді тойтара білген.


«Өнер алды – қызыл тіл» деген қанатты сөздер де тегін айтылмаған. «Қызыл тіл» деген – шешен, орамды, жүйрік тіл. Бірақ, қызыл тіл мен қызыл сөзді шатастыруға болмайды. Қызыл сөз деп тиянақсыз, бос сөзді айтады.




ІІ. Әңгімені түсініп оқы.

*Қай бала жөнсіз сөйледі?


Қайсысы орнымен сөйледі? (Оқушылар қай баланың сөйлегені дұрыс екенін айтып, дәлелдейді)




ІІІ.Шығармашылық тапсырма.



  1. Өлеңді түсініп оқып шығу. Пұт болдым деп мақтанба, Пұттан ауыр батпан бар. Биікпін деп мақтанба,

Асқар-асқар таулар бар. (Құнанбай қажы)

- Балалар, өлең қандай адамға арналған деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)




Пұт – салмағы 16 келіге тең ауырлық өлшемі. Батпан – бірнеше пұтқа тең ауырлық өлшемі.


Сергіту сәті.

  1. Оқы және ойлан.

Жүз – адамның дидары, Келбет те сол, кескін де Мұны ойланбай кім дағы, Жатқызар зат есімге.


Жүз – жұп сан ғой кәдімгі,-деп, - санасам мен тізіп. Мойындатар бәріңді:


«Жүз – сан есім», -дегізіп. Егер «суға жүз» десем, Қай сөз табы болады?...


*Адамның дидарын тағы қалай атайды?


Айтылуы, жазылуы бірдей, бірақ мағынасы әр түрлі сөздерді омонимдер дейміз.




ІV.Дәптермен жұмыс.
Суретті боя және әңгімелеп бер.
*Осы суретке қандай ат қояр едің? Неліктен?


V. Сабақты қорытындылау.

9
3-сабақ




Сабақтың тақырыбы: Кім айтты? Не айтты? Кімге айтты? Мақсаты:1. Шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;



  1. Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру;




  1. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, адалдыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: шешендік сөз туралы түсініктері кеңейеді, тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет