Шешендік өнер әліппесі



бет8/75
Дата01.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#141583
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75
Байланысты:
Шешендік өнер (1)

ІV.Дәптермен жұмыс.
3.Қарға мен түлкінің әңгімесін кестеге салып көр.

Не?
Неге?


Не үшін? Айтты




V. Сабақты қорытындылау.


4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Кіммен қалай сөйлесеміз? Сөйлеу мәнері.


Мақсаты: 1.Оқушылардың «тіл табысу» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

2.Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.


3.Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: сөйлесу дағдылары қалыптасады.


Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған
«Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

11
ІІ.Жаңа сабақ.




Хабар алды, хабар берді, хабар салды, хабар-ошарсыз, хабары жоқ, хабардар болды деген сөздердің бәрінің де түбірі бар – хабар. Ал хабар дегеніміз – қысқаша мәлімет.


1.Мысалды мұқият оқы.
Ақжарқын жазда ауылдағы ата-әжесінің үйіне демалуға барған.

-Мектебің жақсы ма, құлыным? – деді атасы. -Жақсы, ата. Біз биыл жаңа мектепке көштік. -Әкең мен шешеннің жағдайлары жақсы ма?


-Жақсы, ата! Әкем Англияға іс-сапарға барғалы жатыр. Анам балабақшаға жұмысқа тұрды.


-Кішкентай інің Айқын қалай, өсіп қалды ма?


-Өсіп жатыр, ата. Былдырлап сөйлейді.Мамам оны балабақшаға апарды, - деді Ақжарқын.


*Ақжарқын атасымен қалай сөйлесті? Ақжарқын атасын не туралы және кім туралы хабардар етті?


2. Мысалға назар аудар.


-Ағай, айып етпеңіз, орталық саябаққа қандай көлік баратынын айтасыз ба? Адасып қалып едім....


-Адасқаның жарамаған екен, балақай. Мына аялдамадан №12 троллейбусқа отырасың. Соңғы аялдамадан түсесің. *Хабаршы кім? Хабар алушы кім?




Бірде хабаршы болсақ, бірде хабар алушы боламыз. Сонымен бірге, жағдайға қарай әр кезде әртүрлі жауап береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет